КО-ПРЕНЕССА 8 мг/2,5 мг №30 таб

1440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: периндоприл эрбумині 8 мг, индапамид 2,5 мг қосымша заттар: кальций хлоридінің гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, натрий гидрокарбонаты, коллоидты гидратацияланған кремний қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
Бір мезгілде тағайындалған периндоприлмен және индапамидпен сол дозалар деңгейінде артериялық қысымы бақыланып жүрген пациенттерде эссенциялық гипертензияны емдеу үшін орын басу емі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- периндоприлге, индапамидке, АӨФ тежегіштеріне және сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі АӨФ тежегіштерімен бұрын жүргізілген еммен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну - айқын немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК < 60 мл/мин) - гемодиализ немесе қан сүзілісінің басқа түрлері - бауыр энцефалопатиясы - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - гипокалиемия - жазылмайтын декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер - қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану - емделмейтін декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге - жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын сакубитрил/валсартан қабылдау - бүйректің қанмен қамтылуы төмендеп кететін бүйрек ауруы (бүйрек артериясының стенозы) - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер болмауына байланысты)
Дозасы
Әдеттегі доза Ко-Пренессаның күніне 8 мг/2,5 мг бір таблеткасын құрайды, оны таңертең ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Кo-Пренесса® 8 мг/2,5 мг таблеткалары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды, өйткені осы жас тобындағы пациенттерде периндоприлдің монотерапиядағы немесе біріктірілімдегі тиімділігі мен жағымдылығы анықталмады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшері жас, салмақ және жыныс ерекшелігіне сәйкес түзетілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерді емдеуді, егер бүйректің функционалдық жай-күйі қалып шегінде болса, АҚ бақылауынан кейін бастауға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігінің орташа дәрежесіндегі пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесіндегі пациенттерде (КК< 60 мл/мин) препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді. Осы пациенттерді кейіннен медициналық қадағалауда қандағы креатинин және калий мөлшеріне жүйелі мониторинг қамтылуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Емдеу ұзақтығы Кo-Пренесса® препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер түзетеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.