+110 бонус

КО-ПРЕНЕССА 2 мг/0,625 мг №30 таб

2200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында 2 мг/0,625 мг доза үшін: белсенді заттар: 2 мг периндоприл эрбумині, 0,625 мг индапамид 4 мг/1,250 мг доза үшін: белсенді заттар: 4 мг периндоприл эрбумині, 1,250 мг индапамид қосымша заттар: кальций хлоридінің гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, натрий гидрокарбонаты коллоидты гидратацияланған кремний қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
Ко-Пренесса® 2 мг/0,625 мг таблеткалар Ересектердегі эссенциялық гипертензия. Ко-Пренесса® 4 мг/1,25 мг таблеткалар Ересектердегі эссенциялық гипертензияны емдеу. Ко-Пренесса 4 мг/1,25 мг препараты артериялық қысымы тек периндоприлмен тиісті үлгіде бақыланбайтын пациенттерге көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
Периндоприлмен байланысты: - әсер етуші затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық анамнездегі АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері Ко-Пренесса® препаратын қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде алискирен негізіндегі препараттармен бір мезгілде қолдану сакубитрил/валсартанмен емдеумен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Ко-Пренесса® препаратымен емдеудің басталуы арасында 36 сағаттан кем емес аралықты сақтау қажет қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуы болатын экстракорпоральді емшаралар бүйрек артерияларының екі жақты айқын стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы Индапамидпен байланысты: әсер етуші затқа немесе басқа сульфонамидтерге жоғары сезімталдық бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бауыр энцефалопатиясы - бауыр функциясының ауыр бұзылуы - гипокалиемия Периндоприлмен және индапамидпен байланысты: қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық Емдік тәжірибенің жеткіліксіздігіне орай, Ко-Пренесса® препаратын тағайындауға болмайды: диализде жүрген пациенттерге. декомпенсация сатысындағы емделмеген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге.
Дозасы
Ко-Пренесса, 2 мг/0,625 мг Ко-Пренесса® 2 мг/0,625 мг препаратының әдеттегі дозасы күніне бір реттік доза түрінде үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканы құрайды, таңертең және ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Егер артериялық қысым бір ай емделуден кейін бақыланбаса, дозаны екі есе арттыруға болады. Ко-Пренесса, 4 мг/1,25 мг Ко-Пренесса® 2 мг/0,625 мг препаратының әдеттегі дозасы күніне бір реттік доза түрінде үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканы құрайды, дтаңертең және ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Мүмкіндігінше, компоненттерін жеке таңдау ұсынылады. Егер артериялық қысым Ко-Пренесса 2 мг/0,625 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (егер олар бар болса) препаратымен тиісті үлгіде бақыланбаса, Ко-Пренесса 4 мг/1,25 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратын қолдану керек. Клиникалық мақсатқа сай болса, монотерапиядан Ко-Пренесса 4 мг/1,25 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратына тікелей ауыстыру мүмкіндігін қарастыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Ко-Пренесса 2 мг/0,625 мг таблеткалар Емдеуді әдеттегі дозадан: күніне бір Ко-Пренесса® 2 мг/0,625 мг таблеткасынан бастау керек. Ко-Пренесса 4 мг/1,25 мг таблеткалар Емдеуді артериялық қысым және бүйрек функциясы реакциясын бағалаудан кейін бастау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі Ко-Пренесса 2 мг/0,625 мг таблеткалар Бүйрек функциясының ауыр бұзылуында (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) емдеу қарсы көрсетілімді. Бүйрек функциясының орташа бұзылуы (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) бар пациенттерде ең жоғары доза тәулігіне Ко-Пренесса® 2 мг/0,625 мг бір таблеткасын құрауы тиіс. Креатинин клиренсі 60 мл/минуттан көп пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Дағдылы медициналық қадағалауда креатинин мен калий деңгейін жиі бақылау қамтылады. Ко-Пренесса 4 мг/1,25 мг таблеткалар Бүйрек функциясының ауыр бұзылуында (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) емдеу қарсы көрсетілімді. Бүйрек функциясының орташа бұзылуы (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) бар пациенттерде емдеуді еркін біріктірілімнің талапқа сай дозасынан бастау ұсынылады. Креатинин клиренсі 60 мл/минуттан көп пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Дағдылы медициналық қадағалауда креатинин мен калий деңгейін жиі бақылау қамтылады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препарат бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге қарсы көрсетілімді. Орташа айқын бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес. Балалар Периндоприл-трет-бутиламин/индапамид қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда әлі анықталмаған. Деректер жоқ. Ко-Пренессаны балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Таблетканы таңертең ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.