+389 бонус

КО-ПЛАВИКС 75 мг/100 мг №28 таблеток

7790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Sanofi Winthrop Industrie
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: клопидогрел гидросульфаты II түрі, 97.875 мг (75 мг клопидогрел негізіне баламалы), крахмалмен түйіршіктелген ацетилсалицил қышқылы, 111.111 мг (100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы) қосымша заттар: маннитол, макрогол 6000, микрокристалды целлюлоза (су мөлшері төмен, 90 мкг), орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, гидрогенделген майсана майы, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, үлбірлі қабық құрамы: Опадри® қызғылт 32К24375 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы, триацетин және темірдің қызыл тотығы), карнауб балауызы.
Қолданылуы
Клопидогрел де, ацетилсалицил қышқылын да (АСҚ) алып жүрген ересек пациенттердегі атеротромбоздық оқиғалардың екіншілік профилактикасы. Ко-Плавикс емдеуді жалғастыру үшін өзінің құрамына кіретін белсенді заттардың бекітілген дозаларымен біріктірілген дәрілік препарат болып табылады: - ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерді қоса - ST (STEMI) сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі бар, ТКА жасатқан (стенттеу жүргізілген пациенттерді қоса), дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген және тромболитикалық/фибринолитикалық ем жүргізуге болатын пациенттерде.
Қарсы көрсетілімдер
Дәрілік препараттың екі компонентінің де болуына байланысты, Ко-Плавикс келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: - әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылуы - белсенді патологиялық қан кету, мысалы, пептидтік ойық жарадан немесе бассүйекішілік қан құйылу. Бұдан бөлек, АСҚ болуына байланысты, препарат келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: - қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД) жоғары сезімталдық және демікпе, ринит синдромы және мұрын полиптері - АСҚ қолдану аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларын туғызуы мүмкін бұрыннан бар мастоцитоз (қан кернеумен болатын айналымдық шок, гипотензия, тахикардия және құсуды қоса) - бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - жүктіліктің үшінші триместрі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер және егде жастағы тұлғалар Ко-Плавикс бір реттік тәуліктік 75 мг/100 мг доза түрінде қабылдану керек. Ко-Плавикс бекітілген дозалар біріктірілімі әрқайсысы бөлек қабылданған АСҚ және клопидогрелмен емдеу басталған соң пайдаланылады, әрі клопидогрел және АСҚ жеке препараттарын алмастырады. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Ко-Плавикс тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Емдеу ұзақтығы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромы бар пациенттерде (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі) Оңтайлы емдеу ұзақтығы ресми анықталмады. Клиникалық зерттеу деректері оны 12 айға дейін қолданудың пайдасына айғақталады, ең жоғары жағымды әсері 3 айдан соң байқалды. Егер Ко-Плавикс қолдану тоқтатылса, науқастар үшін антитромбоциттік дәрілік препаратпен емдеуді жалғастыру пайдалы болуы мүмкін. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде - Дәрі-дәрмекпен ем алатын пациенттерде симптомдар білінген соң Ко-Плавикс қабылдауды мүмкіндігінше ертерек бастау және кем дегенде төрт апта жалғастыру керек. Осы ауру тұсында клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімінің төрт апта емделуден кейінгі оң әсері зерттелмеді. Егер Ко-Плавикс қабылдау тоқтатылса, пациенттер антитромбоциттік дәрілік заттардың бірімен емделуді сәтті жалғастыра алады. - Егер ТКА жоспарланса, симптомдар пайда болғаннан кейін Ко-Плавикс қабылдау мүмкіндігінше ертерек басталып, 12 айға дейін жалғасуы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.