+154 бонус

КО-ИРБЕСАН 150 мг/12,5 мг № 14 таб

3080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ирбесартан в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар – 150,00 мг немесе 300,00 мг ирбесартан 12,50 мг гидрохлортиазид, қосымша заттар: целлактоза 80 (75% лактоза моногидраты + 25% целлюлоза ұнтағы), микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, аэросил 200, магний стеараты, қабығының құрамы Қабығына арналған материал №3 (Opadry Pink OY – 349448): гипромеллоза 2910 (Е464), макрогол/ПЭГ 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).
Қолданылуы
- артериялық гипертонияны емдеу - бастапқы артериялық гипертензияда (ирбесартанмен және гидрохлортиазидпен біріктірілген ем көрсетілген пациенттер үшін).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне, немесе сульфонамид туындыларына (гидрохлортиазид – сульфонамид туындысы) аса жоғары сезімталдық жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері бүйректің ауыр дәрежедегі бұзылуы (КК < 30 мл/мин) рефрактерлі гипокалиемия, гиперкальциемия бауыр функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі, бауырдың билиарлы циррозы және холестаз құрамында алискирен бар препараттармен қатар емдеу, қант диабеті немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерге тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Жекелеген компоненттердің, яғни ирбесартанның және гидрохлортиазидтің дозаларын титрлеу ұсынылады. Ко-Ирбесан® 150 мг/12.5 мг препаратын АҚ гидрохлортиазидпен (тәулігіне 12.5 мг) немесе ирбесартанмен (тәулігіне 150 мг) монотерапияда жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге тағайындауға болады. Ко-Ирбесан® 300 мг/12.5 мг препаратын АҚ ирбесартанмен (300 мг) немесе Ко-Ирбесан® 150 мг/12.5 мг препаратымен жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге тағайындауға болады. 300 мг/25 мг ең жоғары тәуліктік доза болып табылады. Қажет болған кезде гипертензияға қарсы басқа препараттарды қатар қолдануға рұқсат етіледі. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Қазіргі таңда бала және жасөспірім жастағы пациенттерде препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Ко-Ирбесан® препаратын пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препараттың құрамында гидрохлоротиазид бар болғандықтан, препаратты бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда ерекше сақтық таныту керек. Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Ко-Ирбесан® препаратын бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препараттың құрамында гидрохлортиазид бар болғандықтан, Ко-Ирбесан® препаратын бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (КК ≤30 мл/мин) пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Пациенттердің осы тобында, тиазидтерге қарағанда, ілмектік диуретиктерде артықшылықтар берген жөн. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК >30 мл/мин) дозаны түзетудің қажеті жоқ. Енгізу әдісі және жолы Препаратты, тамақ ішуге қарамай, ішке тәулігіне 1 рет қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.