+26 бонус

КЛОТРИМАЗОЛ 1% 15 г крем

520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клотримазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА МОЛДОВА
  • Өндіруші: Фармаприм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г кремнің құрамында белсенді зат - клотримазол 10 мг, қосымша заттар: полисорбат 60, сорбитан моностеараты, цетостеарил спирті, октилдодеканол, цетилпальмитат, бензил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
Дерматофиттерден, ашытқылық, өңездік және Malassezia furfur, Corynebacterium minutissimum сияқты басқа зеңдерден туындаған терінің және шырышты қабықтардың зеңдік инфекциялары. Кандидозды вульвит және кандидозды баланит. Жоғарыда көрсетілген инфекциялар мынадай түрде туындауы мүмкін: аяқтың зеңдік инфекциялары (атлет табаны), саусақтар мен бақайлардың арасындағы микоздар онихомикозбен бірге жүретін тырнақ білігінің зақымдануы (паронихия) клотримазолға сезімтал қоздырғыштардан туындаған тері аурулары терінің және тері қатпарларының зеңдік инфекциялары, беткейлік кандидоз түрлі-түсті теміреткі (кебекті теміреткі) Corynebacterium minutissimum тудырған инфекциялар (эритразма) себореялы дерматит, тек қана микробтық зақымдану немесе басқа қоздырғыштардан болған жағдайда ашытқылық зеңдерден туындаған жыныстық ернеулердің және айналасының инфекциялары (кандидозды вульвит) ашытқылық зеңдерден туындаған ерлердегі жыныстық мүшенің басының және ұшындағы терінің қабынуы (кандидозды баланит)
Қарсы көрсетілімдер
клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Кремді терінің зақымданған аймақтарына жұқа қабатпен күніне 2-3 рет жағады және аздап сылап сіңдіреді. Көлемі алақандай зақымдану ошағына ұзындығы ½ см крем жолағы жеткілікті. Қайталанудың алдын алу үшін және көрсетілімдерге байланысты, субъективті симптомдар жойылғаннан кейін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы: Дерматомикоздар - 3-4 апта Эритразма - 2-4 апта Түрлі-түсті теміреткі - 1-3 апта Кандидозды вульвит және кандидозды баланит 1-2 апта Емнің ұсынылған ұзақтығынан кейін жақсару болмаған кезде, пациент дәрігерге қаралуы қажет. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.