+164 бонус

Клопидогрель Вива Фарм 75 мг №28

3290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - клопидогрел гидросульфаты 97.875 мг (75.000 мг клопидогрелге шаққанда), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, маннитол, полиэтиленгликоль, гидроксипропилцеллюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, гидрогенделген майсана майы, үлбірлі қабықтың құрамы, ақ (дайын қоспасы): поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/ макрогол, тальк.
Қолданылуы
Ересектердегі атеротромбоздық асқынулардың салдарлы профилактикасында миокард инфарктісімен (бірнеше күннен бастап 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсультпен (7 күннен бастап 6 айдан аз уақытқа дейін) ауыратын пациенттер немесе шеткері артериялардың диагностикаланған аурулары бар пациенттер жедел коронарлық синдроммен ауыратын пациенттер ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеуге ұшыраған пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромбоздық ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмектік ем алушы пациенттерге АСҚ-мен біріктіріп Жыпылықтайтын аритмия кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасында жыпылықтайтын аритмиясы бар ересек пациенттер, қантамыр оқиғаларының кем дегенде бір қауіп факторы бар, К дәрумені антагонистеріне (КДА) жақпаушылығын және ми инсультін қоса алғанда, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу үшін қан кету қаупі төмен пациенттер, АСҚ-мен біріктірілімде Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейін транзиторлы ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе шағын ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп клопидогрел көрсетілген 24 сағат ішінде ТИШ немесе ИИ орташа қауіптен жоғары (ABCD2 шкаласы ≥4) ТИШ немесе шағын ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылуы пептидтік ойық жарадан қан кету немесе бассүйек ішіне қан құйылу сияқты жедел патологиялық қан кету балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересек пациенттер мен егде жастағы пациенттер Клопидогрелдің әдеттегі тәуліктік дозасы - 75 мг. Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар пациенттерде ST сегментін көтермей жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу 300 мг бір реттік жүктеме дозасымен басталуы, содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг дозамен жалғастырылуы тиіс (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75-325 мг дозада). АСҚ жоғары дозалары қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болғандықтан, АСҚ дозасы 100 мг аспауы ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз болады, ең жоғары оң әсер 3 ай емдеуден кейін байқалады. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді АСҚ-мен және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктірілімде немесе онсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктемелік дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастаған және кем дегенде 4 апта бойы жалғастырған жөн. Бұл жағдайда клопидогрелдің АСҚ-мен 4 аптадан артық араласуымен емдеудің оң әсері зерттелмеген. Жыпылықтайтын аритмиясы бар пациенттерге: клопидогрелді бір реттік тәуліктік 75 мг дозада тағайындау керек. АСҚ (тәулігіне 75-100 мг) емдеудің басында клопидогрелмен бірге тағайындау керек. Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі (ABCD2 шкаласы≥4) ТИШ немесе шағын ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге: клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (тәулігіне бір рет 75-100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ емдеуді оқиғадан кейін 24 сағат ішінде бастаған және кейіннен антитромбоцитарлық монотерапиямен 21 күн бойы жалғастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалардағы қауіпсіздік пен тиімділік дәлелденбеген, сондықтан пациенттердің осы санатында клопидогрел қолданылмайды. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Геморрагиялық диатез болуы мүмкін ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.