+271 бонус

КЛОПИДОГРЕЛЬ-ТЕВА 75 мг №30 таб п/о

9:00-ден кейін қолжетімді
5420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Мальта
  • Өндіруші: Actavis Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - клопидогрел бисульфаты 97, 87 мг, (75,00 мг клопидогрелге баламалы) қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, кросповидон (А типі), глицерол дибегенаты, тальк Opadry II 85G34669 Қызғылт қабығының құрамы: поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы Е 171, макрогол 3350, лецитин (Е322), темірдің (III) қызыл тотығы Е172
Қолданылуы
Ересек пациенттерге Атеротромбоздық асқынулардың екінші қайтара профилактикасы: - миокард инфарктісінен (бірнеше күннен кем дегенде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен кем дегенде 6 айға дейін) зардап шегіп жүрген пациенттерде немесе шеткері артериялардың ауруы бар екені анықталған пациенттерде - жедел коронарлық синдромнан зардап шегетін пациенттер - ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде коронарлық тамырларға тері арқылы араласым барысында коронарлық стент орнатылатын пациенттерде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп; - ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісінде дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген және тромболитикалық ем жүргізуге болатын пациенттерде АСҚ-мен біріктіріп; Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасы - қантамыр оқиғаларының ең болмағанда бір факторы болатын жыпылықтағыш аритмиясы бар пациенттерде, К дәруменінің антагонистері (КДА) жақпайтын және қан кету қаупі төмен науқастарда, ми инсультін қоса есептегенде, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғаларды болдырмау үшін АСҚ-мен біріктіріп. Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейін транзиторлы ишемиялық атакасы (ТИА) немесе кіші ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде көрсетілген - орташа қауіптен жоғары (ABCD2 ≥4 шкаласы) қауіпке дейінгі ТИА бар пациенттерге немесе 24 сағат ішінде ТИА немесе ИИ шағын ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылуы - жедел қан кету (асқазан ойықжарасы, бассүйек ішіне қан құйылу) - галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер мен егде пациенттерге Клопидогрель-Тева 75 мг бір реттік дозада тағайындайды. ST сегменті көтеріңкі емес жедел коронарлық синдром кезінде (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) препарат 300 мг бір реттік жүктеме дозасымен тағайындалады. Демеуші доза - 12 ай бойы тәулігіне 75 мг (ацетилсалицил қышқылымен 75-325 мг/тәулігіне дозада біріктіріп). Ең жоғары емдік әсері 3 айдан кейін байқалады. Қан кету қаупінің артуына байланысты ацетилсалицил қышқылының дозасын 100 мг-дан артық арттыру ұсынылмайды. ST сегментінің көтеріңкі жедел миокард инфарктісі кезінде препарат тәулігіне 75 мг дозада (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) тромболитиктік препараттарды қолдану арқылы немесе оларсыз 300 мг бір реттік жүктеме дозасынан бастап тағайындалады. 75 жастан асқан пациенттерге Клопидогрель-Тевамен емдеу бір реттік жүктеме дозасын пайдаланбай жүзеге асырылады. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау және кем дегенде 4 апта жалғастыру керек. Жыпылықтағыш аритмияда препарат тәулігіне 75-100 мг ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп, 75 мг бір реттік тәуліктік доза түрінде тағайындалады. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді клопидогрелмен емдеу тәжірибесі шектеулі. Бауыр функциясының бұзылуы Геморрагиялық диатезге бейім, бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежелі бұзылысы бар пациенттерге препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.