КЛОПИДОГРЕЛЬ-ТЕВА 75 мг №14 таб

2700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Израиль
  • Өндіруші: Teva Pharmaceutical Industries Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – клопидогрел гидросульфаты 97,875 мг (75,00 мг клопидогрелге баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты (200 mesh), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel LF), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 112), кроспидон (Collidon CL), I типті гидрогенделген өсімдік майы (Sterotex-Dritex), натрий лаурилсульфаты қабықтың құрамы: лактоза моногидраты, гипромеллоза 15 сР, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), индиготин (Е132, индигокармин алюминий лагы FD&c көк № 2)
Қолданылуы
Клопидогрель-Тева ересек пациенттерде қолдануға арналған Атеротромбоздық асқынулардың екіншілік профилактикасы - миокард инфарктісі бар (бірнеше күннен кем дегенде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульт алған (7 күннен кем дегенде 6 айға дейін) пациенттерде немесе шеткері артериялар ауруы диагнозы қойылған пациенттерде - жедел коронарлық синдромы бар пациенттер - ST сегменті көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп; - ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромболитикалық терапия жүргізу көрсетілген дәрі-дәрмектік емдеудегі пациенттерге АСҚ-мен біріктіріп; Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулар профилактикасы - жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш артимия) бар, К дәрумені антагонистерімен (КДА) емдеуге келмейтін және қан кету қаупі төмен қантамырлық асқынулар қаупінің кемінде бір факторы бар пациенттерге, инсультты қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде көрсетілген. Орташадан жоғары қауіпке дейінгі транзиторлы ишемиялық шабуыл (ТИШ) немесе кіші ишемиялық инсультпен (ИИ) пациенттерге клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде көрсетілген ТИШ немесе ИИ 24 сағат ішіндегі орташадан жоғары (ABCD2≥4 шкаласы) қауіпке дейін ТИШ немесе кіші ИИ (NIHSS≤3) бар пациенттерге
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді субстанцияға немесе препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылуы - жедел қан кету (асқазан ойық жарасы, бассүйекішілік қан құйылу) - галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер мен егде жастағы пациенттерге Клопидогрель-Тева тәулігіне 1 рет 75 мг дозада тағайындалады. Жедел коронарлық синдромы бар пациенттерге: - ST сегменті көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеуді 300 мг немесе 600 мг бір реттік жүктеме дозасымен бастау керек. 600 мг жүктеме дозасы тері арқылы коронарлық араласу болжанған кезде 75 жасқа дейінгі пациенттерде қарастырылуы мүмкін. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне бір рет 75 мг дозада (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75-325 мг дозада) жалғастыру керек. АСҚ жоғары дозалары қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болғандықтан, АСҚ дозасын 100 мг асырмау ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген. Клиникалық зерттеулердің деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз болады, ең жоғары оң әсер 3 ай емдеуден кейін байқалады. - ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді АСҚ және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктіріп немесе онсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастаған және кем дегенде 4 апта бойы жалғастырған жөн. Бұл жағдайда клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімімен 4 аптадан артық емдеудің оң әсері зерттелмеген. Орташадан жоғары қауіпке дейінгі ТИШ (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (тәулігіне бір рет 75-100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ-мен емдеуді оқиғадан кейін 24 сағат ішінде бастау керек және тромбозға қарсы монотерапиямен 21 күн бойы жалғастырған жөн. Жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерге клопидогрелді бір реттік 75 мг тәуліктік дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-100 мг) клопидогрелмен біріктірілімде бастау және жалғастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Клопидогрелді балаларға тағайындауға болмайды, өйткені препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Геморрагиялық диатез болуы мүмкін орташа дәрежелі ауырлықтағы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде клопидогрелді қолдану тәжірибесі шектеулі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде клопидогрелді қолдану тәжірибесі шектеулі. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.