+47 бонус

КЛОФАН 10% 7 г крем ваг

940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клотримазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм кремнің құрамында белсенді зат – 100,0 мг клотримазол, қосымша заттар: Тефоз - 63, сұйық парафин (вазелин майы), цетостеарил спирті, бензил спирті, бутилгидрокситолуол, полисорбат - 60, натрий дигидратфосфат дигидраты, триэтаноламин, тазартылған су
Қолданылуы
- Candida тектес ашытқы тәрізді зеңдер туындатқан гениталий инфекцияларында (кандидозды вагинит).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Гелі бар толық аппликаторды (5 г жуық), ұйықтар алдында шалқасынан жатқан күйінде аяғын сәл бүгіп, қынапқа тереңдете енгізу керек. Емдеу курсы 1 күн. Қажет болғанда емдеуді қайталауға болады. Препаратты қолданғанда келесілерді жасау керек: 1. А поршенін тірелгенше жылжыту керек. Түбектен кремді В аппликаторға салу керек . 2. Кремі бар аппликаторды қынапқа қаншалықты қолайлы шама болса соған дейін барынша терең мұқият орналастыру керек. (Дұрысы шалқасынан жатып, тізені бүгіп, аяқты жоғары көтеріп жасау керек.) 3. Поршеньді тірелгенше басады, осылайша кремді қынапқа енгізеді. Аппликаторды алып тастау керек. 4. Пайдаланғаннан кейін аппликаторды лақтырып тастайды. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті. Тек қынап ішіне қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.