+177 бонус

КЛОДИФЕН 5% 45 г гель

3550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гельдің құрамында белсенді зат – натрий диклофенагы 5.0 г, қосымша заттар: этанол 96%, пропиленгликоль, гидроксиэтилцеллюлоза, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектердегі, жасөспірімдер мен 12 жастағы және одан асқан балалардағы ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: спорттық жаттығу немесе жазатайым оқиға нәтижесінде созылу және арқаның ауыруы, терінің тұтастығы бұзылмаған (көгеру, созылу, орнынан таю) сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануында; ревматизмнің жергілікті түрлерінде: тендинитте («теннистік шынтақ» деп аталады), қолдың альгодистрофиялық синдромында («иық-қол» синдромы), бурситте, периартритте; теріге жақын орналасқан шеткері буындардың остеоартроздарында (мысалы, тізенің немесе саусақтың).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезінде ацетилсалицил қышқылына және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (мысалы, ибупрофен) бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе жедел ринит сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары жүктіліктің үшінші триместрі 12 жасқа дейінгі балалар терінің ашық зақымдануы, терінің қабыну немесе инфекциялық аурулары, экзема Клодифен гель препараты шырышты қабықтарға жағуға арналмаған.
Дозасы
Ересектер, жасөспірімдер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2 рет (таңертең және кешке) дененің ауырсынатын жерлеріндегі теріге аздап ысқылап жағады. Пациенттердің ерекше топтары 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балалардағы натрий диклофенагының қауіпсіздігі мен тиімділігі қазіргі уақытта анықталған жоқ. Клодифен гель препаратын пациенттердің осы санатында қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны қолдануға болады. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жүйелік қолжетімділіктің төмендігіне байланысты дозаны түзету талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.