+100 бонус

КЛОБЕФОРД 30 г крем

2000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клобетазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат - клобетазол пропионаты 0.50 мг қосымша заттар: макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті, метилпарагидроксибензоат, пропил-парагидроксибензоат, жұмсақ ақ парафин (ақ вазелин), хлоркрезол, пропиленгликоль, натрий дигидрофосфат дигидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Клобетазол – жергілікті қолдануға арналған әсері күшті кортикостероид, төмендегілер сияқты әлсіздеу кортикостероидтар әсер етпейтін дерматоздың едәуір резистентті түрлерін ересектерде, егде жастағы пациенттерде және 1 жастан асқан балаларда қысқа мерзімді емдеу үшін қолданылады: - псориаз (таралған түйіндік псориазды қоспағанда) - дерматоздың рефрактерлі түрлері (емделуі қиын) - қызыл жалпақ теміреткі - дискоидты қызыл жегі - белсенділігі аз глюкокортикоидтармен емге резистентті басқа да тері аурулары
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - терінің емделмеген инфекциялары - розацеа (қызғылт безеу) - кәдімгі безеулер (жасөспірімдер безеуі) - қабыну болмаған кезде терінің қышуы - перианальді және гениталий аймағындағы қышыну - периоральді дерматит. - жөргекті пайдаланғаннан кейін пайда болған дерматит пен бөртпе. Клобетазол 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға тыйым салынады.
Дозасы
Ересектер, егде жастағы пациенттер және 1 жастан асқан балалар Клобефорд препаратын терінің ылғалды және суланған бөліктерін емдеу үшін пайдалану ұсынылады. Бүкіл зақымданған беткейді жабу үшін жеткілікті препаратты пайдалана отырып, күніне 1 немесе 2 рет жұқа қабаттап жағу және жақсару басталғанша (кей жағдайларда ол бірнеше күн ішінде орын алуы мүмкін) абайлап ыcқылау, содан соң қолдану жиілігін азайту немесе емді күштілігі аздау препаратқа өзгерту қажет. Клобетазолдың қайталанатын қысқа курстарын өршудің профилактикасы үшін пайдалануға болады. Зақымданулар неғұрлым тұрақты болған кезде, әсіресе гиперкератоз кезінде, егер қажет болса клобетазолдың әсерін, өңделетін аймақты полиэтилен үлбірмен окклюзиялаумен күшейтуге болады. Қанағаттанарлық емдік әсерін тудыру үшін, әдетте түнгі окклюзия жеткілікті. Жақсарғаннан кейін әдетте, окклюзияны қолданбай емдеуге көшеді. Егер 2-4 апта ішінде жағдайы нашарласа немесе жақсармаса, ем мен диагнозды қайта қарау керек. Емдеуді 4 аптадан артық жалғастыруға болмайды. Егер үздіксіз ұзақ емдеу қажет болса, әсер етуі күші аздау препаратты пайдалану керек. Ең жоғары апталық дозасы аптасына 50 г-ден аспауы тиіс. Клобетазолмен емдеуді аурудың бақылануына қол жеткізгеннен кейін бірден, біртіндеп тоқтату керек, ал кез келген басқа жұмсартқыш затты қолдану демеуші ем ретінде жалғастырылуы тиіс. Жиі қайталанулары бар пациенттер Сыртқы қолдануға арналған кортикостероидтарды үздіксіз қолдану курсының арқасында жедел ауруды емдеу әсеріне қол жеткізілгеннен кейін оны үзіп-үзіп (күніне бір рет, аптасына екі рет, окклюзиялық таңғышсыз) қолдану мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Мұндай емдеу қайталанулардың даму жиілігін тиімді төмендететіні белгілі. Препаратты терінің бұрын зақымданған барлық бөліктеріне немесе өршу ықтималдылығы белгілі аймақтарына жағуды жалғастыру қажет. Мұндай қолдану сызбасы кез келген, басқа жұмсартқыш дәріні күнделікті қолданумен біріктірілуі тиіс. Жағдайды, сондай-ақ емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін тұрақты түрде бағалап отыру керек. Балалар Клобетазолды 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Қолданғаннан кейін балаларда жергілікті және жүйелі жағымсыз әсерлер жиі дамиды, және, әдетте, ересектердегіге қарағанда қысқарақ курстар мен әсер ету күші аздау препараттарды қолдану талап етіледі. Клобетазол пропионатын пайдаланғанда сақтық таныту керек, препараттың емдік әсерді қамтамасыз ететін ең аз мөлшері қолданылады. Балаларға арналған емдеу курсы 5 күнмен шектелуі тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.