КЛИОН Д 100 мг №10 ваг таб

2100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинации производных имидазола
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 100 мг метронидазол, 100 мг миконазол нитраты, қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон К-30, натрий гидрокарбонаты, шарап қышқылы, натрий крахмал гликоляты (А типі), кросповидон, гипромеллоза 2910, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
- әйелдерде трихомониазды және/немесе несеп-жыныс жолдарының зеңдік инфекцияларын жергілікті емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің бірінші триместрі
Дозасы
Ересектер Дозалары Трихомониазда: метронидазолды ішке қабылдаумен бір мезгілде КЛИОН®100 препаратының қынаптық 1 таблеткасын күніне бір рет (кешке ұйқыға жатар алдында) 10 күн бойы қолдану керек. Осы 10 күн ішінде КЛИОН® 100 препаратының 1 таблеткасын (2 х 250 мг) ішке (бір таблеткасын таңертең және біреуін кешке) күн сайын, тамақтану кезінде шайнамай қабылдау керек. Қайтадан жұқтырып алмау үшін сексуалдық серіктесін де ішке қабылдауға арналған таблетка түріндегі КЛИОН®100 препаратымен бір мезгілде емдеу қажет. Емдеу тиімді болмаған жағдайда: 10 күндік емдеу курсын қайталауға болады. Зеңдік инфекцияда: КЛИОН®100 препаратының қынаптық 1 таблеткасын 10 күн бойы күніне бір рет (кешке ұйқыға жатар алдында) қолдану керек Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен жасөсірімдерде қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ. Қолжетімді деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Препарат қынап ішіне ғана қолданылады. Қынаптық таблеткаларды алдын ала сәл дымқылдап, қынапқа терең етіп енгізу қажет. Емдеу ұзақтығы КЛИОН®100 препаратының қынаптық таблеткаларын сіздің емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларына сәйкес және сіздің емдеуші дәрігеріңіздің көрсеткен уақыт кезеңі ішінде қолдану керек. Препаратты қолдануды мезгілінен ерте тоқтату инфекциялық аурудың созылмалы болуына немесе өршуіне әкелуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.