+482 бонус

КЛИМОНОРМ №21 драже

9650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левоноргестрел и эстрогены
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Delpharm Lille SAS
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір драженің құрамында 1 сары драженің құрамында белсенді зат – 2,0 мг микрондалған эстрадиол валераты, 1 қоңыр драженің құрамында белсенді заттар: 2,0 мг микрондалған эстрадиол валераты, 0,15 мг левоноргестрел, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, желатин, тальк, магний стеараты, тазартылған су қабықтың құрамы (сары драже): Opadry® II 57U220031 Yellow гипромеллоза, полидекстроза, титанның қостотығы (Е171), тальк, мальтодекстрин, орташа тізбекті триглицеридтер, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172). қабықтың құрамы (қоңыр драже): Opadry® II 57U265010 Brown гипромеллоза, полидекстроза, титанның қостотығы (Е171), тальк, мальтодекстрин, орташа тізбекті триглицеридтер, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е172).
Қолданылуы
- әйелдерде менопаузадан кейінгі кезеңдегі эстроген тапшылығының симптомдары кезінде орын басушы гормондық емде (ОБГЕ) (егер менопауза 6 айдан астам уақытқа жалғасқан жағдайда); Препаратты 65 жастан асқан әйелдерде қолдану тәжірибесі шектеулі.
Қарсы көрсетілімдер
- Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - Анамнезінде сүт безі обырының расталған немесе болжамды диагнозы немесе сүт безі обыры; - Гормонға тәуелді қатерлі ісіктің расталған немесе болжамды диагнозы (мысалы, эндометрий обыры); - Диагностикаланбаған қынаптық қан кету; - Эндометрийдің емделмеген гиперплазиясы; - Қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі идиопатиялық веналық тромбоэмболия (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы); - Анықталған тромбофилиялық бұзылулар (мысалы, С ақуызы, S ақуызы немесе антитромбин тапшылығы); - Қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі); - Бауырдың жедел немесе ауыр аурулары немесе анамнездегі бауыр аурулары, биохимиялық талдаулар көрсеткіштері қалпына келгенше; - Порфирия; - Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Әр қаптамасы 21 күндік қабылдауға есептелген. Алғашқы 9 күн бойы күнделікті бір сары дражеден, содан соң 12 күн бойы – күнделікті бір қоңыр дражеден қабылдайды. Дражені 3 апта қабылдағаннан кейін препаратты қабылдауда 7 күндік үзіліс жасау керек, сол кезде препаратты тоқтатудан туындаған етеккір тәрізді қан кетудің басталуын күтуге болады. Препаратты қабылдаудағы 7 күндік үзілістен соң, етеккір тәрізді қан кетудің басталған-басталмағанына немесе жалғасып жатқанына қарамастан, Климонорм® препаратының жаңа қаптамасын бастайды. Енгізу жолы Пероральді

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.