+150 бонус

КЛЕСТОН 500мг/5мл №5 амп

3000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Транексамовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ТОО Новатор Фарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 5 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 500.0 мг транексам қышқылы; қосымша заттар: хлорсутек қышқылы (37 %), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектер мен балаларда бір жастан бастап жалпы немесе жергілікті фибринолиз салдарынан болатын қан кету профилактикасы және емдеу. Нақты көрсетілімдерде қамтылады: • жалпы немесе жергілікті фибринолизден туындаған қан кету, мысалы: - меноррагия және метроррагия, - асқазан-ішектен қан кету, - несеп шығару жолдарының геморрагиялық бұзылыстары, қуық асты безіне жасалатын операцияға немесе несеп шығару жолдарына қатысты хирургиялық емшараларға қосымша ретінде; • Тамақ-мұрын хирургиясы (аденоидэктомия, тонзиллэктомия, тіс жұлу); • гинекологиялық операциялар немесе шығу тегі акушерлік аурулар; • торакальді, абдоминальді хирургия және жүрек-қантамыр хирургиясы сияқты басқа күрделі хирургиялық араласулар; • фибринолиздік дәріні енгізу салдарынан қан кетуді емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел вена немесе артерия тромбозы - тұтыну коагулопатиясынан кейінгі фибринолиздік жай-күйлер, жедел ауыр қан кетумен фибринолиздік жүйесінің басым белсенділенуі болатын жай-күйлерді қоспағанда - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (жинақталу қаупі) - анамнездегі құрысулар - интратекальді және қарыншаішілік енгізу, ми ішіне енгізу (мидың ісінуі мен құрысулар қаупі).
Дозасы
Ересектер Егер басқаша көрсетілмесе, келесі дозалар ұсынылады: 1. Жергілікті фибринолизді стандартты емдеу: КЛЕСТОН препаратын 500 мг-ден (5 мл 1 ампула) 1 г дейін (5 мл 2 ампула) вена ішіне баяу инъекция арқылы (1 мл /мин) күніне екі-үш рет; 2. Жалпы фибринолизді стандартты емдеу: КЛЕСТОН препаратын әр 6-8 сағат сайын вена ішіне баяу инъекция арқылы (1 мл/мин) 1 г (5 мл 2 ампула), бұл 15 мг/кг дене салмағына баламалы. 1 жастан бастап балалар Ағымдағы бекітілген көрсетілімдерде 1 жастан бастап балаларда доза 20 мг/кг/тәулікке жуық құрайды. Алайда, осы көрсетілімдер үшін тиімділік, дозалау және қауіпсіздік туралы деректер шектеулі. Кардиохирургиялық операциялардан өткен балаларда транексам қышқылының тиімділігі, дозасы және қауіпсіздігі толық анықталмаған. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі Жинақталу қаупіне әкелетін бүйрек жеткіліксіздігінде транексам қышқылын бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге пайдалану қарсы көрсетілімді. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін транексам қышқылының дозасын қан сарысуындағы креатинин деңгейіне сәйкес азайту керек. Сарысу креатинині В/і доза Тағайындау микромоль /л мг/10 мл 120 - 249 1.35 – 2.82 10 мг/кг дене салмағына Әр 12 сағат сайын 250 - 500 2.82 – 5.65 10 мг/кг дене салмағына Әр 24 сағат сайын > 500 > 5,65 5 мг/кг дене салмағына Әр 24 сағат сайын Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер Егер бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаса, дозаны төмендету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Венаішілік инъекция. Тағайындау баяу венаішілік инъекциялармен қатаң шектелген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.