+349 бонус

КЛЕНЗИТ-С MS 30 гель

6980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клиндамицин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г гельдің құрамында белсенді заттар: микросфералық адапален 1.00 мг, клиндамицин фосфаты 10.00 мг клиндамицинге баламалы қосымша заттар: динатрий эдетаты, карбомер 940 (Карборол 940), пропиленгликоль моностеараты, метилпарагидроксибензоат, феноксиэтанол, полоксамер 407, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
- безеулі бөртпе
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - линкомицинге жоғары аса сезімталдық - аймақтық энтерит немесе ойық жаралы колит - антибиотик-астасқан колит - 12 жасқа дейінгі балалар - жүктілік және емшек емізу кезеңі
Дозасы
Клензит-С MS ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолданған жөн. Гельдің жұқа қабатын таза, құрғақ теріге, зақымдалған жерге күніне бір рет түнде жағыңыз. Емнің алғашқы аптасында безеудің асқынуы мүмкін. Бұл бұрын көрінбейтін зақымдануларға белсенді заттың әсер етуімен байланысты. Емді тоқтатпаңыз. Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Қайта емдеу курсы дәрігермен кеңескеннен кейін мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Гельді шамадан тыс жағу жылдам немесе жақсы нәтижеге әкелмейді. Симптомдары: айқын тері реакциялары — қызару, қабыршақтану, сондай-ақ ашыту, диарея, қанды нәжіс және колит (жалған жарғақшаны қоса алғанда). Емі: симптоматикалық, гельді жергілікті кетіру. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Адапален Жиі - құрғақтық, тітіркену, терінің ашыту сезімі, эритема Жиі емес - жанаспалы дерматит, терідегі жайсыздық, күн сәулесінен болған күйіктер, қышыну, терінің қабыршықтануы, безеулі бөртпенің күшеюі Белгісіз* - терінің ауыруы, терінің ісуі; қабақтың тітіркенуі, қабақ эритемасы, қабақтың қышуы, қабақтың ісінуі Клиндамицин Пациенттердің шамамен 10%-ы жағымсыз реакцияларға ұшырайды деп күтілуде. Бұл реакциялар жанаспалы дерматитке тән. Егер гельдің артық мөлшерін қолдансаңыз, олардың жиілігі артуы мүмкін. Тітіркенген кезде, ылғалдағыш заттарды пайдаланыңыз. Жиі - терінің құрғауы, эритема, теріні ашыту, көз айналасының тітіркенуі, безеулі бөртпенің асқынуы, қышыну Жиі емес - терінің ауырсынуы, терінің қабыршықтануы * Маркетингтен кейінгі бақылау деректері Клиндамицинмен клиникалық зерттеулерде ауыр диареяның немесе жалған жарғақшалы колиттің бірде-бір жағдайы тіркелмегенмен және клиндамициннің аздаған мөлшері ғана тері арқылы сіңіріледі, клиндамициннің басқа да топикалық өнімдерін пайдалана отырып жалған жарғақшалы колит туралы өте сирек хабарланады. Демек, клиндамицинді қолдану кезінде жалған жарғақшалы колит дамуының теориялық қаупі бар. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.