+880 бонус

КЛЕКСАН 4000 МЕ 0,4 мл №10 шпр

17610 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эноксапарин натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Санофи Винтроп Индустрия
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір шприц ішінде белсенді зат – натрий эноксапарині 40 мг (4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл доза үшін), 60 мг (6000 анти-Ха ХБ/0,6 мл доза үшін), 80 мг (8000 анти-Ха ХБ/0,8 мл доза үшін) қосымша зат – инъекцияға арналған су. Натрий эноксапарині – бұл шошқа ішегінің шырышты қабығынан алынған гепариннің бензил эфирін сілтілік деполимеризациялау жолымен алынған биологиялық зат.
Қолданылуы
- орташа немесе жоғары қауіпті, атап айтқанда, онкологиялық операцияны қоса, ортопедиялық немесе жалпы хирургиялық операция жасалған пациенттерде хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы - жедел ауруы бар терапиялық пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы, мыналарды қоса: жедел жүрек жеткіліксіздігі жедел тыныс алу жеткіліксіздігі ауыр инфекциялық немесе ревматизмдік аурулар вена тромбоэмболиясының жоғары қаупі кезінде қимыл-қозғалыс төмендеуі - терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, тромболизистік терапия немесе хирургиялық араласу қажет болатын ӨАТЭ жағдайларынан басқа - терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдеу және белсенді обыры бар пациенттерде олардың қайталануының профилактикасы - гемодиализ кезіндегі жасанды қан айналымында тромб түзілуінің профилактикасы Жедел коронарлық синдромда: - тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз жедел миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылын пероральді қабылдаумен біріктірілімде емдеу - ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу, оның ішінде дәрі-дәрмектік немесе кейіннен тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) көмегімен емдеуге жататын пациенттерде
Қарсы көрсетілімдер
- эноксапаринге, гепаринге немесе төмен молекулалы гепариндердің (ТМГ) басқа түрлерін қоса, оның туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде соңғы 100 күн ішінде ауыр, иммунитетке байланысты гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) болуы немесе айналымдағы антиденелер болғанда. - белсенді клиникалық мәнді қан кетулер және қан кету қаупі жоғары жай-күйлер, мыналарды қоса: - таяуда өткерген геморрагиялық инсульт - асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруы - қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімнің болуы, - миға, омыртқаға таяуда жасалған операция немесе офтальмологиялық операция - өңеш веналарының варикозды кеңеюі (немесе оған күмән болуы) - артерия-веналық мальформация - тамырлар аневризмалары немесе ірі омыртқаішілік немесе миішілік тамырлар аномалиялары - натрий эноксапаринін алдыңғы 24 сағат бойы емдеуге қолдану кезіндегі жұлындық немесе эпидуральді анестезия немесе жергілікті аймақтық анестезия.
Дозасы
Орташа немесе жоғары қауіп тобындағы пациенттерде хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы Қауіпті стратификациялаудың валидацияланған моделінің көмегімен пациенттер үшін жеке тромбоэмболия қаупін бағалауға болады. - Тромбоэмболия қаупі орташа пациенттерге ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы тері астына тәулігіне бір рет 2 000 ХБ (20 мг) құрайды. Қауіптілігі орташа хирургиялық араласуларда 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапаринімен емдеудің операцияға дейінгі басталуының (хирургиялық араласудан 2 сағат бұрын) тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген. Қаупі орташа пациенттерде натрий эноксапаринімен емдеуді сауығу статусына (мысалы, қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 7-10  күн бойы демеу керек. Профилактиканы пациенттің қозғалыс белсенділігі едәуір жақсаратын сәтке дейін жалғастыру қажет. - Тромбоэмболияның даму қаупі жоғары пациенттерге ұсынылатын доза тері астына тәулігіне 1 рет 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, хирургиялық араласудан 12 сағат бұрын бастаған дұрыс. Натрий эноксапаринімен операцияға дейінгі профилактикалық емдеуді операцияға дейін 12 сағаттан ерте бастау қажет болған жағдайда (мысалы, кейінге қалдырылған ортопедиялық операцияны күткен жоғары қауіптегі пациент), соңғы инъекция операцияға 12 сағат қалған уақыттан кешіктірмей енгізілуі тиіс және инъекциялар операциядан кейін 12 сағаттан соң қайта жаңғыртылады. - Ауқымды ортопедиялық операция жасалған пациенттер үшін 5 аптаға дейін ұзартылған тромбопрофилактика ұсынылды. - Қатерлі жаңа түзілім себебінен құрсақ қуысы ағзаларына немесе жамбас мүшелеріне операция жасалған вена тромбоэмболиясының даму қаупі жоғары пациенттер үшін 4 аптаға дейін ұзартылған тромбоздар профилактикасы ұсынылды. Жедел ауруы бар пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, тәулігіне 1 рет тері астына инъекция жолымен енгізіледі. Натрий эноксапаринімен емдеу сауығу статусына (қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 6-14 күнге тағайындалады. Қазіргі таңда 14 күннен көп уақыт жүргізілетін профилактикалық емнің пайдасы туралы деректер жоқ. Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу Натрий эноксапарині тері астына тәулігіне бір рет 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) дозада немесе тәулігіне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозада енгізіледі. Режимді дәрігер тромбоэмболиялық асқынулар қаупін және қан кету қаупін бағалауды қоса, әркімге жеке баға беру негізінде таңдауы тиіс. Вена тромбоэмболиясының қайталану қаупі төмен, асқынулары жоқ пациенттерге тәулігіне бір рет енгізілетін 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) доза тағайындалу керек. Семіздігі, симптоматикалық ӨАТЭ, қатерлі жаңа түзілімі, қайталанған вена тромбоэмболиясы немесе проксимальді тромбозы (мықын венасының тромбозы) бар пациенттер сияқты, басқа пациенттердің бәріне тәулігіне екі рет енгізілетін 100 ХБ/кг (1 мг/кг) доза тағайындалу керек. Эонксапаринмен емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Қажет болса, пероральді антикоагулянттық емді бастау керек («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінің соңындағы «Натрий эноксапаринінен пероральді антикоагулянттарға ауысуды» қараңыз). Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдеу және белсенді обыры бар пациенттерде олардың қайталануының профилактикасы кезінде дәрігер тромбоэмболия мен қан кету қаупін мұқият бағалауы керек. Ұсынылатын доза 5-10 күн ішінде күніне екі рет тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды, содан кейін 6 ай бойы күніне бір рет 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг) тері астына енгізіледі. Үздіксіз антикоагулянттық терапияның тиімділігін 6 ай емдеуден кейін қайта қарау керек. Гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналымы жүйесінде тромбтың пайда болуының профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды. Қан кетудің жоғары даму қаупімен гемодиализде жүрген пациенттерде доза 50 ХБ/кг (0.5 мг/кг) (тамыр арқылы қосарлы енгізу жолы) немесе 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) (тамыр арқылы дара енгізу жолы) дейін азайтылуы тиіс. Гемодиализ кезінде натрий эноксапаринін диализ сеансы басталғанда диализдік контурдың артериялық желісіне енгізу керек. Бұл доза, әдетте, 4 сағатқа созылатын гемодиализ сеанстары үшін тиімді. Алайда, фибрин сақиналары анықталғанда, мысалы, әдеттегіден ұзағырақ сеанстан соң тағы да 50-100 ХБ/кг (0.5-1 мг/кг) дозаны тағайындауға болады. Натрий эноксапаринін гемодиализ сессиясы кезінде де профилактика немесе емдеу үшін қолданған пациенттер жөнінде деректер жоқ. Жедел коронарлық синдром: тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу және ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу Тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеуге ұсынылатын доза 100 ХБ/кг (1 мг/кг) эноксапарин құрайды, ол тері астына тәулігіне екі рет 12 сағат аралықпен антитромбоцитарлық еммен біріктірілімде енгізіледі. Емдеуді кем дегенде 2 тәулік бойы демеп тұру және клиникалық тұрақтануға дейін жалғастыру керек. Әдеттегі ем ұзақтығы 2-ден 8 күнге дейін. Қарсы көрсетілімдері жоқ пациенттердің бәріне бастапқы пероральді қанықтыратын 150-300 мг дозада (бұрын ацетилсалицил қышқылын алмаған пациенттерде) және емдеу стратегиясына байланыссыз, ұзақ мерзімге күніне 75-325 мг демеуші дозада ацетилсалицил қышқылымен емдеуді бастау ұсынылады. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуге ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы бір реттік венаішілік болюс 3 000 ХБ (30 мг), оған қоса, 100 ХБ/кг (1 мг/кг) теріастылық доза түрінде болады, одан кейін тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозаны әр 12 сағат сайын енгізеді (ең жоғарысы 10 000 ХБ (100 мг) алғашқы екі теріастылық дозалардың әрқайсысына). Қарсы көрсетілімдер болмаса, пероральді ацетилсалицил қышқылы түрінде (тәулігіне бір рет 75 мг-325 мг) бір мезгілде тиісті антитромбоцитарлық ем тағайындалу қажет. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы – 8 күн немесе ауруханаға 8 күннен аз жатқызылғанда пациенттің стационардан шығарылуына дейін. Тромболитикпен (фибриноспецификалық немесе фибриноспецификалық емес) бір мезгілде қолданғанда натрий эноксапаринін фибринолиздік ем басталардан 15 минут пен одан кейінгі 30 минут аралығында тағайындау керек. «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімінен 75 жастан асқан пациенттердегі препараттың дозасы туралы мәліметтерді қараңыз. Тері арқылы коронарлық араласу жасалған пациенттер: - егер эноксапариннің тері астына енгізілетін соңғы инъекциясы баллонды үрлеуге дейін 8 сағаттан аз уақыт бұрын енгізілсе, қосымша инъекция қажет емес. - егер тері астына соңғы инъекцияны салған сәттен баллонды толтыруға дейін 8 сағаттан көп уақыт өтсе, 30 ХБ/кг (0.3 мг/кг) натрий эноксапаринін вена ішіне болюсті енгізу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Натрий эноксапаринінің қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда анықталмаған. Егде жастағы пациенттер ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісінен басқа, барлық көрсетілімдер бойынша, егер бүйрек функциясы бұзылуы болмаса, егде жастағы пациенттерде дозаны азайту қажет емес. 75 жастан асқан егде жастағы пациенттерде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу үшін вена ішіне бастапқы болюсті инъекцияны енгізуге болмайды. 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) бастапқы доза әр 12 сағат сайын тері астына енгізілуі тиіс (тек алғашқы екі теріастылық доза үшін көп дегенде 7500 ХБ (75 мг), одан кейін қалған дозалар үшін тері астына 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) енгізіледі). Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасын төменнен «Бүйрек жекіліксіздігі» бөлімінен қараңыз. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер шектеулі, сондықтан осы пациенттерде сақтық шарасын қадағалау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы Натрий эноксапарині бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы (креатинин клиренсі <15 мл/мин) пациенттерге, гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналымы барысында тромб түзілуінің профилактикасынан басқа, осы қауымдағы деректердің болмауына орай қолдануға ұсынылмайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі 15-30 мл/мин) пациенттер үшін препаратты дозалау кестесі:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.