+85 бонус

КЛАВУНАТ BID пор.д/п/с 200мг/28мг 70 мл сусп

9:00-ден кейін қолжетімді
1700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: ATABAY KIMYA SAN. VE TIC. A.S
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 1054.647 мг амоксициллин тригидраты (875 мг амоксициллинге баламалы), 312.561 мг калий клавуланаты: авицел (1:1) (125 мг клавулан қышқылына баламалы); қосымша заттар: кросповидон, натрий кроскармеллозасы, авицел рН 102, магний стеараты, аэросил 200 үлбірлі қабығы (опадрай ақ): метилгидроксипропилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 4000, титанның қостотығы.
Қолданылуы
Клавунат BID ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған: - жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - ортаңғы жедел отит - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония - цистит - пиелонефрит - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы, атап айтқанда целлюлит, жануарлардың тістеуі, жедел абсцестер және жақсүйек-бет аймағының флегмоналары) - сүйектер мен буындардың инфекциясы, атап айтқанда остеомиелит. Бактерияға қарсы дәрілерді тиімді қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезіндегі басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) дереу типтегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы - анамнезіндегі амоксициллин/ клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
Дозасы
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі. Клавунат BID препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек: - ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы - инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы - пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы. Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн. Салмағы > 40 кг балалар мен ересектер үшін Клавунат BID препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес тәулігіне екі рет қабылдаған кездегі 1750 мг амоксициллиннің/250 мг клавулан қышқылының және тәулігіне үш рет қабылдаған кездегі 2625 мг амоксициллиннің/375 мг клавулан қышқылының жиынтық тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. 40 кг-ден аз балалар үшін Клавунат BID препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес қолданған кезде 1000 - 2800 мг амоксициллиннің/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғарғы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Клавунат препаратын таңдау ұсынылады. Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емдеуге реакциясымен анықталуы керек. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуді қажет етеді. Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырмай 14 күннен артық уақытқа жалғаспауы керек (ұзартылған емдеуге қатысты «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Салмағы >40 кг балалар мен ересектер Ұсынылатын доазалау режимі: - стандартты доза (барлық көрсетілімдер үшін): тәулігіне екі рет 875 мг / 125 мг; - жоғары доза (әсіресе ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы және несеп шығару жолдарының инфекциясы сияқты инфекциялар кезінде): тәулігіне үш рет 875 мг / 125 мг. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Салмағы <40 кг балалар Балаларды емдеу үшін Клавунатты таблетка түрінде, құтылардағы немесе педиатриялық пакеттердегі ішке қабылдауға арналған суспензия түрінде қолдануға болады. Балалардағы ұсынылатын дозалау режимі: - екі қабылдауға бөлінген тәулігіне 25 мг / 3,6 мг/кг-ден 45 мг/6,4 мг/кг-ге дейін; - бірқатар инфекцияларды емдеу үшін (жедел ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы) екі қабылдауға бөлінген тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейінгі дозаны қолдануға болады. Клавунат BID таблеткаларын бөлу мүмкін еместігіне байланысты дене салмағы 25 кг аз балаларға қолдануға болмайды. Төмендегі кестеде 875 мг / 125 мг бір таблетканы қабылдағаннан кейін дене салмағы 25 кг-ден 40 кг дейінгі балалар үшін алынған доза (дене салмағының мг / кг) берілген. Дене салмағы (кг) 40 35 30 25 Ұсынылатын бір реттік доза (дене салмағының мг/кг), жоғарыдан қараңыз Амоксициллин (мг/кг) бір реттік дозада (1 таблетка) 21.9 25.0 29.2 35.0 12.5 – 22.5 (35-ке дейін) Клавулан қышқылы (мг/кг) бір реттік дозада (1 таблетка) 3.1 3.6 4.2 5.0 1.8 – 3.2 (5-ке дейін) Дене салмағы 25 кг аз балаларды емдеу үшін құтылардағы немесе педиатриялық пакеттердегі ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Клавунатты қолданған жөн. Амоксициллин / клавулан қышқылы дозаларын 2 жасқа толмаған балаларда тәулігіне дене салмағының кг-на шаққанда 45 мг/6.4 мг артық дозада 7:1 арақатынасында қолдану туралы деректер жоқ. Амоксициллин / клавулан қышқылын 2 айға дейінгі балаларда 7:1 арақатынасында қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Осыған байланысты пациенттердің осы тобында дозалау жөніндегі нұсқаулар беру мүмкін емес. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақ болу ұсынылады, сондай-ақ бауыр функциясына тұрақты мониторинг жасау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин көп пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттерде амоксициллинді / клавулан қышқылын 7:1 арақатынасында қолдану дозаны түзету бойынша нұсқаулардың болмауына байланысты ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды шайнамай, бүтіндей жұту керек. Қажет болса, жұтынуды жеңілдету үшін таблеткаларды екі бөлікке бөлуге болады. Екі жарты бөлігін біртіндеп, кідірмей және шайнамай жұту керек. Асқазан-ішек жолының ықтимал бұзылуларын азайту және амоксициллиннің/клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.