+185 бонус

КЛАВАМ 625 мг №20 таб

3710 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амоксициллин тригидраты 250.00 мг амоксициллинге баламалы, калий клавуланаты 125.00 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармелозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), микрокристалды целлюлоза (Авицел 200 / МСС РН 200), магний стеараты, тальк; қабықтың құрамы: Instamoist Shield IC-MS-218, гипромеллоза, диэтилфталат, этилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - жедел ортаңғы отит - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония; - цистит - пиелонефрит - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит) Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсыныстарды назарға алу керек. Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық - инфекциялық мононуклеоз - лимфолейкоз - бауыр жеткіліксіздігі - анамнезінде пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған холестаздық сарғаю немесе гепатит - бронх демікпесі, пішен поллинозы - 6 жастан кіші балалар немесе дене салмағы 25 кг-ден аз балалар Қолдану кезіндегі қажетті сақтау шаралары Амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинау қажет. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің күрделі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен емдегі пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы ықтимал. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Дозасы
Қолдану тәсілі Клавам препараты пероральді қолдануға арналған. Клавам препаратын асқазан-ішектің потенциалды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды сумен ішіп толығымен жұту керек, шайнауға, ұнтақтауға немесе таблетканы бөліктерге бөлуге болмайды. Тұншығу қаупін азайту үшін бір ішкенде балаларға бір таблеткадан артық ішуге болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс. Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты керек етуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.