+136 бонус

КЛАВАМ 375 мг №20 таб

2730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амоксициллин тригидраты 250 мг амоксициллинге баламалы, калий клавуланаты 125 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармелозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), микрокристалды целлюлоза (Авицел 200 / МСС РН 200), магний стеараты, тальк; қабықтың құрамы: Instamoist Shield IC-MS-218, гипромеллоза, диэтилфталат, этилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - цистит - пиелонефрит - целлюлит - жануарлардың шағуы - кең таралатын целлюлитпен ауыр дентальді абсцесс Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсыныстарды назарға алу керек. Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық - инфекциялық мононуклеоз - лимфолейкоз - бауыр жеткіліксіздігі - анамнезінде пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған холестаздық сарғаю немесе гепатит - бронх демікпесі, пішен поллинозы - 6 жастан кіші балалар немесе дене салмағы 25 кг-ден аз балалар Қолдану кезіндегі қажетті сақтау шаралары Амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинау қажет. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің күрделі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен ем алатын пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы ықтимал. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксилық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, дозасы амоксициллин мен клавулан қышқылы біріктірілімінің мөлшеріне қатысты көрсетіледі. Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Клавам препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет: Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы Инфекция жұқтырған орны мен ауырлығы Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы. Амоксициллин/калий клавуланаты препаратының баламалы шығарылу түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек. Салмағы >40 кг балалар мен ересектер үшін амоксициллин / калий клавуланаты препаратының бұл құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалған кезде 750 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының қажетсіз жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа амоксициллин/калий клавуланатының препаратын таңдау ұсынылады. Ересектер мен > 40 кг балалар: 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет ˂ 40 кг балалар: 250 мг/125 мг 1 таблетка салмағы 40 кг-ден аз балаларға ұсынылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Ересектер мен > 40 кг балалар: күніне 20 мг/5 мг/кг бастап күніне 60 мг/15 мг/кг дейін, үшке бөлінген дозада. Креатинин клиренсі: 10-30 мл / мин 250 мг/125 мг күніне екі рет Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем 250 мг/125 мг күніне бір рет Гемодиализ Әр 24 сағат сайын 250 мг/125 мг екі таблетка, оған қоса диализ кезінде 250 мг/125 мг екі таблетка, диализ аяқталғаннан кейін қайталау керек (өйткені қан сарысуындағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді) Салмағы 40 кг-ден аз балалар Амоксициллин мен клавулан қышқылының арақатынасы 2: 1 болатын амоксициллин / калий клавуланаты препараттарын креатинин клиренсі 30 мл / мин-ден аз <40 кг балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету мүмкін емес. Мұндай пациенттерге амоксициллин / калий клавуланаты препараттары амоксициллин мен клавулан қышқылының 4: 1 арақатынасымен ұсынылады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.