+104 бонус

КЛАВАМ 228,5 мг/5 мл 16,66 г сусп

2090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл қалпына келтірілген суспензия құрамында белсенді заттар: амоксициллин (тригидрат түрінде) 200.000 мг амоксициллинге баламалы калий клавуланаты 28.500 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз хош иістендіргіші DC 117, аспартам.
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - ортаңғы құлақтың жедел қабынуы (жедел отит) - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония - несеп-жыныс жолының инфекциялары (цистит, пиелонефрит) - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - амоксициллинге немесе клавулан қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - инфекциялық мононуклеоз - лимфолейкоз - бауыр жеткіліксіздігі - пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы (соның ішінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімі) - бронх демікпесі, пішен поллинозы - фенилкетонурия (препарат құрамында аспартамның болуына байланысты)
Дозасы
Әр компонент үшін дозалары бөлек-бөлек көрсетілетін жағдайлардан басқасында, дозасы амоксициллин мен клавулан қышқылы біріктірілімінің мөлшеріне шаққанда көрсетілген. Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Клавам препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет: • Болжамды қоздырғыштары және олардың бактерияға қарсы дәрілерге ықтимал сезімталдығы • Инфекцияның ауырлығы мен орналасуы • Төменде көрсетілгендей, пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы. Қажет болған жағдайда, амоксициллин/калий клавуланаты баламалы түрлерін (мысалы, құрамында амоксициллиннің жоғарырақ дозалары және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының басқа арақатынасы бар түрлерін) пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Салмағы 40 кг аз балалар үшін осы амоксициллин/калий клавуланатының препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы, егер оны төменде келтірілген ұсынымдарға сәйкес қабылдаса, 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылын құрайды. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасы қажет болса, клавулан қышқылының орынсыз жоғары тәуліктік дозалары қолданылуына жол бермеу үшін басқа амоксициллин/калий клавуланатының препаратын таңдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты белгіленуі тиіс. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуде қажет етеді. Емдеуді алдын ала қарастырылмаса 14 күннен артыққа ұзартпау керек. Ересектер және салмағы 40 кг асатын балалар Ересектер мен салмағы 40 кг асатын балалар үшін ересектерге арналғандай дозадағы амоксициллин/калий клавуланаты препараттарын тағайындау керек. Пациенттердің ерекше топтары Салмағы 40 кг-ден аз балалар Азғантай дозасы: тәулігіне 25 мг/3.6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг дейін, екі қабылдауға бөліп енгізіледі. Жоғарырақ дозасы: тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг-ден тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейін, екі қабылдауға бөліп енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.