+55 бонус

КЛАВАМ 156,25 мг/5 мл 16,66 г сусп

1105 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл қалпына келтірілген суспензия құрамында белсенді заттар: амоксициллин (тригидрат түрінде) 125.000 мг амоксициллинге баламалы калий клавуланаты 31.250 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз хош иістендіргіші DC 117, аспартам.
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - ортаңғы құлақтың жедел қабынуы (жедел отит) - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония - несеп-жыныс жолының инфекциялары (цистит, пиелонефрит) - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - амоксициллинге немесе клавулан қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - инфекциялық мононуклеоз - лимфолейкоз - бауыр жеткіліксіздігі - пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы (соның ішінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімі) - бронх демікпесі, пішен поллинозы - фенилкетонурия (препарат құрамында аспартамның болуына байланысты)
Дозасы
Қолдану тәсілі Клавам препараты пероральді қолдануға арналған. Клавам препаратын асқазан-ішектің потенциалды жақпаушылығын азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Енгізер алдында дәрілік затты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар: Суспензия тікелей бірінші қолданар алдында сұйылтылады. Пайдаланар алдында қақпақтың герметикалылығын тексеріңіз. Ұнтақты қопсыту үшін бөтелкені сілкіңіз. Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған суда біртіндеп сілкіп, құтыдағы белгіге дейін су қоса отырып, еріту керек. Дайын суспензияның көлемі 100 мл-ге тең. Құтыны төңкеріп, толық ерігенше мұқият шайқау керек. Дайындалған ұнтақ - ақ немесе ақ дерлік түсті. Құтыны пайдаланар алдында әрдайым жақсылап шайқау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс. Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты керек етуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.