Дозасы
12 жасқа дейінгі балалар және ересектер: тәулігіне бір рет 1 таблеткадан, аш қарынға. Таблеткаларды аз мөлшердегі сумен іше отырып, бүтіндей жұтады. Кларитин әсерін тез бастау үшін аш қарынға қабылдау керек. Егер Кларитин тамақтану кезінде қабылданса, оның қанға сіңуі біршама кешіктірілуі мүмкін, бірақ бұл оның тиімділігіне әсер етпейді.
Балалар.
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары:
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрі бар пациенттерге препаратты барынша төмен бастапқы дозада тағайындаған жөн, өйткені лоратадин клиренсі төмендеуі мүмкін. Ересектер мен дене салмағы 30 кг астам
балалар үшін ұсынылатын бастапқы доза күнара 10 мг құрайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне бір рет 1 таблеткадан (10 мг).
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: ұйқышылдық, тахикардия және бас ауыруы. Лоратадинмен артық дозалану антихолинергиялық симптомдардың туындау жиілігін арттырады.
Көрсетілген симптомдар пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату және медициналық көмекке жүгіну керек.
Емі: қажетті уақыт кезеңі ішінде симптоматикалық және демеуші ем. Асқазанды шаю, белсендірілген көмірді сулы суспензия түрінде қолдануға болады. Лоратадин гемодиализ арқылы шығарылмайды, препаратты шығарудағы перитонеальді диализдің тиімділігі белгісіз. Кезек күттірмейтін көмек көрсетілгеннен кейін пациент дәрігерлік бақылауда қалуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)
Иммундық жүйе тарапынан
Сирек: аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісінуді, анафилаксияны қоса).
Жүйке жүйесі тарапынан Өте жиі: бас ауыруы, шаршау
Жиі: бас айналуы, ұйқышылдық, жүрек айнуы
Жиі емес: бас сақинасы, күйгелектік, қозу, үрей, терлеу, шөлдеу, парестезия, сананың шатасуы, депрессия.
Сирек: гиперкинез, гипестезия, тремор, амнезия, анорексия, зейін қоюдың бұзылуы, ысыну.
Өте сирек: құрысулар, қалтырау, елестеулер.
Көз аурулары
Жиі емес: конъюнктивит, көздегі ауыру. Сирек: көрудің бұлыңғырлануы, жас ағу. Өте сирек: блефароспазм.
Құлақ және лабиринт аурулары
Сирек: құлақтағы ауыру, құлақтағы шуыл.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан
Жиі емес: кеуденің ауыруы, артериялық гипертензия, жүрек соғысы. Сирек: қан түкіру, артериялық гипотензия, ісіну, естен тану, тахикардия. Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы аурулары
Жиі: жөтел, мұрыннан қан кету, ринит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары.
Жиі емес: бронхит, бронх түйілуі, мұрынның құрғауы/бітелуі, ентігу, синусит, түшкіру, дисфония.
Сирек: ларингит.
Ас қорыту жүйесі тарапынан
Жиі: диарея, ауыздың құрғауы, диспепсия, тәбеттің жоғарылауы, фарингит.
Жиі емес: дәм бұзылыстары, метеоризм, гастрит, іш қату, тіс ауыруы.
Сирек: стоматит.
Өте сирек: сілекей бөлінуінің өзгеруі.
Метаболизмдік бұзылулар Өте сирек: салмақ жоғалту
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бауыр функциясының бұзылуы (гепатит), бауыр некрозы, сарғаю.
Тері және тері асты тіндері тарапынан Жиі емес: дерматит, қышыну, есекжем.
Сирек: шаштың құрғауы, терінің құрғауы, жарыққа сезімталдық.
Өте сирек: алопеция, мультиформалы эритема.
Тірек-қимыл аппаратының аурулары.
Жиі емес: артралгия, астения, арқаның ауыруы.
Сирек: аяқтың құрысуы.
Өте сирек: миалгия.
Бүйрек және несеп шығару жолдары аурулары Жиі емес: несеп шығару кезіндегі бұзылулар.
Өте сирек: несеп түсінің өзгеруі.
Жыныс ағзалары және сүт безі аурулары Жиі емес: дисменорея.
Сирек: импотенция, либидоның жоғалуы, меноррагия.
Өте сирек: вагинит, гинекомастия. Балалар
2-ден 12 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулерде плацебо қолданған кезде жиі хабарланған мынадай жағымсыз реакциялар пайда болды: бас ауыруы, күйгелектік, шаршау.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда,
дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.