+257 бонус

КЛАРИГЕТ 500 мг №10 таблеток

5150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Getz Pharma (Pvt.) Limited.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 250 мг, 500 мг кларитромицин қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, лактоза (регуляр), микрокристалды целлюлоза (авицел РН 102), повидон К-30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), магний стеараты қабығының құрамы: гипромеллоза (НРМС 5СРS), титанның қостотығы (Е171), макрогол (PEG 6000), тазартылған тальк
Қолданылуы
Кларигет ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде қолданылады. -Кларитромицинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін. - ЛОР-ағзалардың (тонзиллит, фарингит), мұрын жанындағы қойнаулардың инфекцияларында. - Төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында: бронхитте, бактериялық пневмонияда және атипиялық пневмонияда. - Тері инфекцияларында: импетигода, тілмеде, фолликулитте, фурункулёзде және жара инфекцияларында. Кларигет 250 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары келесі жай-күйлерде қолданылады: - Сезімтал микробтардан туындайтын жедел және созылмалы одонтостоматологиялық инфекцияларда. Кларигет 500 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары келесі жай-күйлерде қолданылады: - Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare тудырған таралған немесе жергілікті микобактериялық инфекцияларда. - Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum немесе Mycobacterium kansasii тудырған, жергілікті диссеминацияланған микобактериялық инфекцияларда. - он екі елі ішектің немесе асқазанның ойық жара ауруы бар пациенттерде Helicobacter pylori эррадикациясы үшін (тек біріктірілген емнің құрамында). Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- Әсер етуші затқа, макролидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кларитромицинді және келесі препараттардың қандай-да біреуін: астемизол, цизаприд , пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмиясына алып келуі мүмкін болғандықтан), эрготамин немесе дигидроэрготамин (бұл эргоуыттылыққа алып келуі мүмкін болғандықтан), ловастатин, симвастатинді (рабдомиолизді қоса, миопатия қаупінің жоғарылауымен байланысты) бір мезгілде қолдану - кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдану (трансаминазалардың едәуір жоғарылауы ықтималдығына байланысты) - пероральді қолдануға арналған мидазолам - ивабрадинмен, тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде қабылдау - электролиттік бұзылулары (гипокалиемия немесе гипомагниемия, QT аралығының ұзару қаупіне байланысты) бар пациенттер - бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер - анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүректің қарыншалық аритмиясы болған пациенттер - бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге колхицин мен Р-гликопротеинді немесе CYP3A4 күшті тежегішін бір мезгілде қолдану - 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Кларигет таблеткаларының ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін әдетте ұсынылатын дозасы: - S. pneumoniae мен M. Pneumoniae-дан туындаған пневмония кезінде 7 күннен 14 күнге дейінгі аралықта күніне екі рет (таңертең және кешке) 250 мг-ден - отит, фарингит және тонзилит кезінде 250 мг-ден күніне екі рет (таңертең және кешке) 10 күн бойы - жедел гайморит және синусит кезінде 14 күн бойы күніне екі рет (таңертең және кешке) 500 мг-ден - S.pneumoniae және M.catarrhalis тудырған созылмалы бронхиттің өршуі кезінде 7 күннен 14 күнге дейінгі аралықта күніне екі рет (таңертең және кешке) 250 мг-ден - H.influenzae тудырған созылмалы бронхиттің өршуі кезінде, 7 күннен 14 күнге дейінгі аралықта дозасын 12 сағаттан кейін қабылданатын 500 мг-ге дейін арттыруға болады - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялық-қабыну аурулары кезінде 7 күннен 14 күнге дейінгі аралықта күніне екі рет (таңертең және кешке) 250 мг-ден. АИТВ инфекциясы бар пациенттерде диссеминацияланған микобактериялық кешенді емдеу инфекцияның клиникалық немесе микробиологиялық белгілерінің болуына қарай жалғастырылуы тиіс. Басқа микобактериалық инфекцияларды емдеу дәрігердің қалауынша жүргізілуі тиіс. Кларигетті бактерияға қарсы басқа дәрілермен біріктіруге болады. Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруымен астасқан Helicobacter pylori эрадикациясы кезіндегі Үштік ем (14 күн) Тәулігіне екі рет 500 мг кларитромицин тәулігіне бір рет 20 мг омепразолмен және тәулігіне екі рет 1000 мг амоксициллин 14 күн бойы. Үштік ем (14 күн) Тәулігіне екі рет 30 мг лансопразолмен бірге тәулігіне екі рет 500 мг кларитромицин және тәулігіне 2 рет амоксициллин 14 күн бойы. Кларитромицин келесі терапиялық схемаларда да пайдаланылды: - Кларитромицин + Тинидазол және Омепразол немесе Лансопразол - Кларитромицин + метронидазол және Омепразол немесе Лансопразол - Кларитромицин + тетрациклин, висмут субсалицилаты және Ранитидин - Кларитромицин + Амоксициллин және Лансопразол - Кларитромицин + Ранитидин висмут цитраты Енгізу әдісі және жолы Кларигет 250 мг және 500 мг таблеткаларын ішке, шайнамай, аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Күніне екі рет (таңертең және кешке), 12 сағат сайын. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.