+248 бонус

КЛАМЕР 500мг №14 таб

4970 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – кларитромицин 500 мг қосымша заттар: повидон К 30, микрокристалды целлюлоза (рН 102), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, тазартылған су** үлбірлі жабыны: Шеффкоат сары***, метиленхлорид**, метанол** * * - соңғы өнімнің құрамында жоқ * * * қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль, хинолинді сары алюминий лагы Е104, темірдің сары тотығы Е172.
Қолданылуы
Кламер үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - төменгі тыныс жолдарының инфекцияларын (мысалы, бронхит, пневмония) - жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын (мысалы, фарингит, синусит) - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларын (мысалы, фолликулит, целлюлит, тілме қабынбасы) - Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туындатқан диссеминацияланған немесе оқшауланған микобактериялық инфекцияларды, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum немесе Mycobacterium kansasii туындатқан оқшауланған инфекцияларды. - лимфоциттер CD4 саны 100/мм3 аз немесе тең АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium кешенінен туындаған диссеминацияланған инфекциялардың профилактикасы үшін - H. Pylori эрадикациясы үшін, бұл он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының азаюына әкеледі (төмендегі қосымша ақпаратты қараңыз). Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет. Басқа антибиотиктер жағдайындағы сияқты, Кламер препаратын тағайындамас бұрын жергілікті төзімділіктің таралуы бойынша ұсыныстармен және антибиотиктерді қолдануға қатысты нұсқаулықтармен танысу ұсынылады. Қосымша ақпарат: H. pylori ойық жара ауруының дамуымен тығыз байланысты. Он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттердің 90-нан 100% -ға дейіні осы қоздырғышты жұқтырған. H. pylori эрадикациясы он екі елі ішектің ойық жарасының қайталану жиілігін айтарлықтай төмендететіні, осылайша демеуші антисекреторлық терапияға қажеттілікті төмендететіні көрсетілген. Бақыланатын жасырын салыстырмалы зерттеуде H. pylori инфекциясын жұқтырған он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттер 14 күн бойы тәулігіне үш рет 500 мг кларитромицинді және 28 күн бойы күн сайын 40 мг дозада омепразолды қабылдады. Кларитромицин H. pylori эрадикациясы үшін басқа емдеу сызбаларында да қолданылады. Бұл сызбалар кларитромицин, тинидазол және омепразолды; сонымен қатар кларитромицин, тетрациклин, субсалицилат висмут және ранитидинді қоса қамтиды.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, басқа макролидті антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - келесі препараттардың біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруын және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса алғанда, жүрек аритмиясының дамуын туындатуы мүмкін) - тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қолдану -қастауыш алкалоидтарымен (эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен) бір мезгілде қолдану, себебі бұл қастауыштың уыттылығын туындатуы мүмкін - кларитромицин мен пероральді мидазоламды бір мезгілде қабылдау - кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қолдану - "пируэт" типті қарыншалық тахикардияны қоса, анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе жүректің қарыншалық аритмиясы бар пациенттер - электролиттік бұзылулар (QT аралығының ұзаруы қаупінен гипокалиемия немесе гипомагниемия) -бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (статиндер), оның ішінде рабдомиолизді қоса алғанда, миопатияның даму қаупінің жоғарылауына байланысты CYP3A4 қарқынды метаболизденетін ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану - колхицин мен CYP3A4 күшті тежегішін (мысалы, кларитромицин) бір мезгілде қолдану - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамында хинолинді сары Е104 болуына байланысты
Дозасы
Ересектер Кларитромициннің әдеттегі ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 250 мг құрайды. Одан ауырлау инфекциялар үшін дозаны тәулігіне екі рет 500 мг-ға дейін арттыруға болады. Емдеудің әдеттегі ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейін болады. Микобактериялық инфекциялар: микобактериялық инфекциялары бар ересек пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 500 мг құрайды. Mycobacterium Avium Complex (MAC) туындаған диссеминацияланған инфекцияларды ЖИТС бар пациенттерде емдеуді клиникалық және микробиологиялық әсерге қол жеткізгенге дейін жалғастыру керек. Кларитромицинді микробқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдану керек. Басқа туберкулездік емес микобактериялық инфекцияларды емдеу дәрігердің шешіміне сәйкес жүргізілуі тиіс. MAC профилактикасы: ересектерге ұсынылатын доза күніне екі рет 500 мг құрайды. H. pylori эрадикациялау: келесі дозалар ұсынылады: Үштік ем (7 дней) Кларитромицин (500 мг) тәулігіне екі рет және протон помпасының тежегіші (бекітілген тәуліктік дозада)* 7 күн бойы тәулігіне екі рет амоксициллинмен 1000 мг-ден. Үштік ем (7 күн) Кларитромицин (500 мг) тәулігіне екі рет және протон помпасының тежегіші (бекітілген тәуліктік дозада)* 7 күн бойы тәулігіне екі рет метронидазолмен 400 мг-ден. Үштік ем (7-10 күн) Кларитромицин (500 мг) тәулігіне екі рет және омепразол тәулігіне 20 мг-ден амоксициллинмен 7-10 күн бойына тәулігіне екі рет 1000 мг-ден. * H. pylori, эрадикациясына ұсынылатын дозаны осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде құрамында хинолинді сары Е104 бояғышының болуына байланысты Кламер 500 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар егде пациенттерде дозаны түзету мүмкіндігін қарастыру керек. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде Кламер сақтықпен қолданылғаны жөн. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған және креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттерде кларитромициннің дозасын жартысына, яғни тәулігіне бір рет 250 мг-ға немесе ауыр инфекциялар кезінде тәулігіне екі рет 250 мг-ға төмендету керек. Ондай пациенттерде емдеуді 14 күннен артық жалғастырмау керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан, күн сайын бір уақытта қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.