+275 бонус

КЛАБЕЛ 250мг/5мл 49.35г №1 пор д/сусп д/внут прим

5500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабри
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішіндегі құрамы, граммен белсенді зат – кларитромицин түйіршіктері* 11.136 гр (кларитромицин, 3.675 гр) қосымша заттар: мальтодекстрин, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), ксантан шайыры, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, титанның қостотығы (E 171), қант (ұнтақ қант)**, құлпынай хош иістендіргіші, ваниль хош иістендіргіші. * кларитромицин түйіршіктері 5% артығымен қосылады ** қант ұнтағының мөлшері түйіршіктегі кларитормицин мөлшеріне сәйкес түзетіледі.
Қолданылуы
КЛАБЕЛ® 6 айдан 12 жасқа дейінгі балалардағы сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеуге арналған. Мұндай инфекцияларға жататындар: - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы (мысалы, бронхит, пневмония) - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (мысалы, синусит, фарингит) - тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы (мысалы, фолликулит, целлюлит/флегмона, тілмелі қабыну) - ортаңғы жедел отит Бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде қолдану жөніндегі ресми ұлттық нұсқаулықтарды ескерген дұрыс.
Қарсы көрсетілімдер
Макролидтік антибиотиктерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық. Кларитромицинді және қастауыш алкалоидтарын (мысалы, эрготаминді немесе дигидроэрготаминді) бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені бұл қастауыштың уыттылығына әкелуі мүмкін. Кларитромицинді және мидазоламды ішу арқылы бір мезгілде қабылдауға болмайды. Кларитромицинді және келесі препараттардың кез келгенін бір мезгілде қолдануға болмайды: астемизолды, цизапридті, домперидонды, пимозидті және терфенадинді, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, жүрекшелердің фибрилляциясын және "пируэт" типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек аритмияларына әкеліп соғуы мүмкін. Кларитромицинді анамнезінде QT аралығының ұзаруы бар (туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы) немесе "пируэт" типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, жүректің қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындамау керек. Тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Кларитромицинді CYP3A4 арқылы қарқынды метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолдануға болмайды, рабдомиолизді қоса, миопатия қаупі бар. Басқа да CYP3A4 күшті тежегіштері сияқты, кларитромицинді колхицин қабылдайтын пациенттерге тағайындамау керек. Кларитромицинді электролиттік бұзылыстары бар (гипокалиемия немесе гипомагниемия, QT аралығының ұзару қаупіне байланысты) пациенттерге тағайындамау керек. Кларитромицинді бүйрек жеткіліксіздігімен ұштасқан бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданбау керек. Кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қабылдауға болмайды. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Дозасы
Балалардағы КЛАБЕЛ® педиатриялық суспензиясының ұсынылған тәуліктік дозасы күніне екі рет 7.5 мг/кг құрайды, ең жоғары дозасы күніне екі рет 500 мг дейін. Емдеу ұзақтығы әдетте патогеннің түріне және жағдайдың ауырлығына байланысты 5-10 күнді құрайды. Кестеде баланың дене салмағына және суспензия концентрациясына негізделген дозаны анықтау бойынша нұсқаулық бар. Балаларға арналған дозалау жөніндегі ұсыныстар Дене салмағына негізделген Тәулігіне мл-мен 2 рет 7.5 мг/кг дозада Бала денесінің салмағы* (кг) 250 мг/5 мл 1 рет қабылдауға суспензияның дозасы (мл) кларитромицинге сәйкес (мг) 8 – 11 1.25 мл 62.5 мг 12 – 19 2.5 мл 125 мг 20 – 29 3.75 мл 187.5 мг 30 – 40 5.0 мл 250 мг *Дене салмағы 8 кг дейін балаларға доза дене салмағының килограммына есептеледі: (шамамен 7.5 мг/кг тәулігіне екі рет). Бүйрек жеткіліксіздігі. Креатинин клиренсі 30 мл/мин/ 1.73 м2 кем балаларда КЛАБЕЛ® дозасын тәулігіне 7,5 мг/кг дейін төмендету керек. Мұндай пациенттерде емдеу 14 күннен аспауы керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Суспензияны ас ішуге байланыссыз қолданады (сүтпен қабылдауға болады). Суспензия дайындау тәртібі. Суспензия дайындау үшін судың тиісті мөлшерін құтыдағы белгіге дейін құйып, сілку керек. Әрбір қабылдау алдында суспензия қалпына келу үшін құтыны сілку керек. Дайындалған суспензиядағы кларитромициннің концентрациясы 250 мг/5 мл құрайды. Суспензияны дайындағаннан кейін бөлме температурасында (15°-25°C) сақтау және 14 күн ішінде қолдану керек. Тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.