+157 бонус

КЛАБЕЛ 250 мг №14 таб

3150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 250 мг, 500 мг кларитромицин қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, желатинденген крахмал, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, тальк, микрокристалды целлюлоза, үлбірлі қабық құрамы (250 мг доза үшін): опадрай ақ 26Н280000: HPMC 2910/гипромеллоза 15 ср, HPMC 2910/ гипромеллоза 6 ср, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, гидроксипропилцеллюлоза, полисорбат 80, сорбин қышқылы FCC, ванилин, үлбірлі қабық құрамы (500 мг доза үшін): опадри сары (OY-S 32924): HPMC 2910/гипромеллоза 15 ср, HPMC 2910/ гипромеллоза 6 ср, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, гидроксипропилцеллюлоза, полисорбат 80, хинолинді сары 18-24% (Е 104), сорбин қышқылы FCC, ванилин.
Қолданылуы
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұлттық ұсыныстарды ескеру керек. Кларитромицин ересектер мен 12 жастан үлкен жасөспірімдерде кларитромицинге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (тонзиллит, фарингит) және мұрынның қосалқы қойнаулар инфекциясы - төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, бактериялық және атипиялық пневмония) - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (импетиго, тілме, фолликулит, фурункулез және инфекция түскен жаралар) КЛАБЕЛ, 250 мг қолдану үшін көрсетілген: - жедел және созылмалы одонтогенді инфекциялар КЛАБЕЛ, 500 мг қолдану үшін көрсетілген: - Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туғызған диссеминацияланған немесе оқшауланған микобактериялық инфекциялар, - Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii туғызған оқшауланған инфекциялар - 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы қайталануларының азаюына ықпал етумен H. Pylori эрадикациясы үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- макролидті антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кларитромицин мен қастауыш алкалоидтарын (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин) бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені бұл қастауыш алкалоидтарымен улануға әкелуі мүмкін - кларитромицин мен келесі препараттардың қандай да бірін бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид немесе терфенадин, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, жүрек ырғағының бұзылуларына әкелуі мүмкін - кларитромицин мен пероральді мидазоламды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді - кларитромицинді анамнезінде QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе жүре пайда болғаны анықталған QT аралығының ұзаруы) немесе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, жүректің вентрикулярлы аритмиясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды - тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді - кларитромицинді, рабдомиолизді қоса, миопатияның жоғары даму қаупіне орай, елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде пайдалануға болмайды - кларитромицинді (және басқа CYP3A4 күшті тежегіштерін) колхицинмен бір мезгілде пайдалануға болмайды - кларитромицинді электролиттік бұзылулары бар (гипокалиемия немесе гипомагниемия, QT аралығының ұзару қаупі салдарынан) пациенттерге тағайындауға болмайды - кларитромицинді қатарлас бүйрек жеткіліксіздігімен бауырдың ауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды - кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қабылдау - 12 жасқа дейінгі балалар (250 мг доза) - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (500 мг доза)
Дозасы
Кларитромициннің әдетте ұсынылған дозасы – тәулігіне екі рет 250 мг. Ауырлау инфекцияларда дозаны күніне екі рет 500 мг дейін арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы 5-14 күнді құрайды, ауруханадан тыс пневмония мен синуситті емдеуді қоспағанда, 6-14 күн қажет. Микобактериялық инфекциялар Микобактериялық инфекция бар ересектерге ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. ЖИТС-пен науқастарда диссеминацияланған MAC-инфекцияларын емдеу клиникалық және микробиологиялық әсері көрініс беретін сәтке дейін жалғастырылуы тиіс. Кларитромицинді микобактерияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде пайдалану керек. Басқа туберкулездік емес микобактериялық инфекцияларды емдеуді емдеуші дәрігер шешімі бойынша жалғастырған жөн. MAC профилактикасына арналған доза: ересектерде ұсынылатын кларитромицин дозасы тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. H. Pylori эрадикациясы H. Pylori инфекциясынан туындаған пептидті ойық жарасы бар пациенттерде, H.Pylori эрадикациясы бойынша ұлттық немесе халықаралық ұсынымдарға сәйкес, кларитромицинді тәулігіне 2 рет 500 мг дозада 7-14 күн бойы микробқа қарсы басқа қажетті препараттармен және протонды помпа тежегіштерімен біріктіріп тағайындауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Кларитромицинді үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану зерттелмеген. Сондықтан 12 жастағы және одан кіші балаларға кларитромициннің педиатриялық суспензиясын (пероральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек. Құрамында бояғыш – хинолинді сары бар екенін ескерсек, КЛАБЕЛ®, 500 мг балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кларитромицин дозасын жартылай азайту керек, яғни, күніне бір рет 250 мг немесе ауырлау инфекцияларда күніне екі рет 250 мг. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі орташа дәрежедегі пациенттерге (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Пероральді Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.