+56 бонус

КЕТОРОСОН 30 мг/1 мл № 5 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
1135 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат - 30,0 мг кеторолак трометамолы (кеторолак трометамині) қосымша заттар: этанол 96%, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
қарқыны орташа және күшті ауыру синдромында, негізінен, операциядан кейінгі ауыруда. Емдеу тек стационар жағдайларында ғана басталуы тиіс. Ең ұзақ емдеу уақыты екі күннен аспайды.
Қарсы көрсетілімдер
кеторолакқа немесе аспирин немесе простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері аллергиялық реакцияларды (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты ауыр анафилаксиялық реакциялар) туғызатын басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнездегі бронх демікпесі мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі өршу фазасындағы пептидтік ойық жара, анамнездегі асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жара ауруы немесе тесілу ауыр жүректің жеткіліксіздігі бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (сарысу креатинині > 160 мкмоль/л) немесе жүдеудің немесе сусызданудың салдарынан бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі ауыр бауырдың жеткіліксіздігі қан кету қаупінің жоғарылығына байланысты, хирургиялық операцияларға дейін және операциялар кезінде ауыруды басу күмәнді немесе расталған цереброваскулярлық қан кету, қан ұюының бұзылуы мен қан кету қаупінің жоғарылығын қоса, геморрагиялық диатез қан ұюының бұзылулары, соның ішінде геморрагиялық диатез, өйткені кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді және қан кету уақытын ұзартады операциялардан кейін қан кету қаупі жоғары немесе гемостаз толық емес пациенттерге антикоагулянттармен (соның ішінде варфаринмен және гепариннің төмен дозасымен (әр 12 сағат сайын 2500 – 5000 ӘБ)), окспентифилинмен, пробенецидпен немесе литий тұздарымен бір мезгілде емдеу аспиринмен және басқа ҚҚСП (соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен) алдын-ала емдеу құрамында спирт болуына байланысты, нейроаксиальді (эпидуральді немесе интратекальді) енгізулер алкоголизммен, эпилепсиямен зардап шегетін кісілерге және бауыр аурулары бар пациенттерге балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер жүктілік, босану және лактация кезеңі
Дозасы
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін анальгетиктік әсері басталғанға дейінгі уақыт бірдей және шамамен 30 минутты құрайды, бұл ретте ең жоғарғы анальгезиясы бір-екі сағат ішінде басталады. Ауыруды басудың орташа ұзақтығы, әдетте, төрт сағаттан алты сағатқа дейін құрайды. Дозасын ауырудың қарқындылығы мен пациенттің емге жауабына байланысты жекелей таңдайды. Кеторосан препаратымен емдеу ұзақтығы 2 күннен аспауы тиіс, өйткені, ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз реакциялар күшейе түсуі мүмкін. Дозаларын ұзағырақ уақыт шінде қолдану тәжірибесі шектеулі, өйткені, пациенттердің басым көпшілігі препараттың пероральді түрімен емделуге ауысқан немесе осы уақыт өткеннен кейін, одан әрі ауыруды басатын емді қажет етпеген. Жағымсыз реакцияларды симптомдарын бақылауға алу үшін қажетті ең қысқа уақыт мерзімі ішінде ең төменгі тиімді дозасын пайдалану жолымен азайтуға болады. Ересектер - ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг, содан соң әр 4-6 сағат сайын 10-нан 30 мг дейін (ауыру синдромының ауырлығына байланысты). Қажет болған жағдайда, операциядан кейінгі бастапқы кезеңде Кеторосанды әр 2 сағат сайын енгізуге болады. Ең төмен тиімді дозасын тағайындау керек. Ересектерге ең жоғарғы тәуліктік дозасы 90 мг құрайды, егде жастағы пациенттерге, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге және дене салмағы 50 кг аз пациенттерге - 60 мг . Емдеудің ең көп ұзақтығы екі күннен аспауы тиіс. Дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттер үшін дозасын азайту керек. Операциядан кейінгі алғашқы кезеңде ауырудың қарқыны күшті және ауыруды басатын оңтайлы әсер қажет болған кезде, апиындық анальгетиктерді (мысалы, морфин, петидин) бір мезгілде пайдалануға болады. Кеторосан апиындардың байланысуына әсер етпейді және тыныс алудың бәсеңдеуін немесе апиындардың тыныштандыратын әсерін күшейтпейді. Кеторосанмен бір мезгілде пайдаланғанда апиынның тәуліктік дозасы әдетте қажет болатынынан аз болады. Алайда, апиындардың жағымсыз реакциялар әсіресе, хирургиялық араласым жүргізілген күні ескерілуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда препаратты қабылдаумен байланысты қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Кеторосанды балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда жағымсыз реакциялардың күрделі салдарлары қаупі жоғарылайды. Егер қабынуға қарсы стероидты емес препаратты (ҚҚСП) тағайындау қажет болса, ең төмен тиімді дозасын және барынша қысқа уақыт мерзімі ішінде пайдалану керек. Пациентті ҚҚСП емі кезінде асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кетуге қатысты жүйелі түрде бақылап отыру керек. Жалпы тәуліктік 60 мг дозасын арттырмау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Кеторосанды бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдануға болмайды; бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесінде дозасын азайту қажет (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 60 мг аспайды) Енгізу әдісі және жолы Кеторосан вена ішіне сорғалатып немесе бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препаратты бұлшықет ішіне енгізуді баяу, бұлшықетішілік терең инъекция жолымен жүргізу қажет. Вена ішіне сорғалатып енгізу кемінде 15 секунд ішінде жүргізілуі керек Құрамында этанол бар, сондықтан эпидуральді немесе интратекальді енгізуге болмайды Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы өзгеріп отырады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.