+16 бонус

КЕТОРОЛАК-ТК 10 мг №10 таблеток

325 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ТК Фарм Актобе
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 10 мг кеторолак трометамині, қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты.
Қолданылуы
- жедел ауыруды қысқа мерзімді емдеу (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, шығуы және деформациясы сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде) - арқа мен бұлшықеттердің кенеттен ауыруы.
Қарсы көрсетілімдер
- кеторолак трометаминіне немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазанның және/немесе он екі елі ішектің белсенді немесе бастан өткерген ойық жаралы ауруы, асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу - бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа түрлері, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) сияқты анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (ҚҚСД пайдалану кезінде ауыр, кейде өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакциялардың даму жағдайлары туралы хабарланған) - ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит); - ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин); немесе айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуі немесе сусыздану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупімен байланысты жай-күйлер - бауыр функциясының ауыр бұзылулары (цирроз, асцит) - жүктіліктің үшінші триместрі және босану (простагландиндер синтезінің тежелуі шарананың қан айналымына теріс әсер етуі мүмкін, сонымен бірге жатырдың жиырылуы да төмендеуі мүмкін, нәтижесінде жатырдан қан кетудің даму қаупі артады) - операциядан кейінгі қан кету (мысалы, тонзиллэктомия) немесе толық емес гемостаз, қан түзудің бұзылулар немесе цереброваскулярлық қан кету қаупінің жоғарлауы; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA III - IV); - бала емізу; - цереброваскулярлық қан кету (расталған немесе ықтимал), геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылуы және қан кетудің (кеторолак трометамині тромбоциттер функциясын бұзады) пайда болу қаупі жоғары болатын жай-күйлер - варфаринді және гепариннің төмен дозаларын қоса, антикоагулянттармен емдеу - АСҚ немесе басқа да ҚҚСД емдеу (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) (ауыр ҚҚСД-байланысты жағымсыз реакциялардың пайда болуының жинақталатын қаупі) - пробенецидпен, литий тұздарымен бір мезгілде қолдану - пентоксифиллинмен бір мезгілде қолдану - басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолдану - мұрынның толық немесе ішінара полипі синдромы, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - ауыру синдромының профилактикасы мақсатында ауыр хирургиялық араласулар алдында пайдаланбаған жөн - интраоперациялық, қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты - коронарлық шунттау (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдалану) операциясынан кейінгі операциядан кейінгі ауыру.
Дозасы
Таблеткаларды қысқа мерзімге (5 күнге дейін) қолдану үшін ғана ұсынылады және тұрақты қолдану үшін ұсынылмайды. Препаратты пайдалану туралы мәселеде шешім қабылдаған кезде препаратты қолданумен байланысты потенциалды пайда мен қауіптердің арақатынасын, сондай-ақ басқа емдік тактиканы қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек. Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төмен емдік дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады. Емді кеторолактың парентеральді түрлерінен бастаған жөн және пациенттерді мүмкіндігінше тезірек пероральді емге ауыстырған жөн. Бастапқы ем ретінде кеторолак трометаминінің пероральді түрлерін пайдаланбаған жөн. Біріктірілген емнің (парентеральді және пероральді) жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Ересектер 18-ден 64 жасқа дейін: 10 мг ішке бір рет, содан кейін әр 6-8 сағат сайын 10 мг-ден, қажет болған жағдайда күніне 40 мг аспайды. Ескертпе: Пероральді препаратты бастапқы доза ретінде бермеген жөн. Әрбір нақты пациент үшін ең төмен тиімді дозаны қолданыңыз. Препаратты қабылдау арасындағы 6-8 сағат аралықты қысқартпаңыз. Ересек пациенттерді емдеудің жалпы ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Таблеткаларды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер жағымсыз әсерлердің пайда болу нәтижесінде асқынулардың дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. ҚҚСД ем қажет болған кезде мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде ең төмен ықтимал дозаларда тағайындау керек. Пациенттер ҚҚСД қабылдау аясында асқазан-ішектен қан кетудің даму мүмкіндігіне байланысты тұрақты бақылауда болуы тиіс. 10 мг ішке бір рет, содан кейін әр 4-6 сағат сайын 10 мг-ден, қажет болған жағдайда күніне 40 мг-ден көп емес. Препараттың ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек, өйткені бұл шығарылуын баяулатады. Егде жастағы пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы - 60 мг. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмендеген жағдайда келесі емдік сызба ұсынылады: Креатинин клиренсі (мл / мин / кг) Креатинин клиренсі (мг / дл) Дозаны төмендету > 0,7 <1,90 жоқ 0,2-0,7 1,90–5,00 50% Сарысу креатининінің деңгейі 5,0 мг/дл жоғары пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.