+40 бонус

КЕТОРОЛАК 30 мг/мл 1 мл №10 амп БЗМП

805 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО "БЗМП"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың (1 мл) ішінде: белсенді зат – кеторолак трометамині – 30 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, натрий эдетаты, 96 % этанол, трометамол ерітіндісі 0,5 М, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кеторолак ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерге қолдануға арналған: - операциядан кейінгі кезеңде орташа және қатты жедел ауырсынуды қысқа мерзімді басу. Емдеу тек стационар жағдайында басталуы керек, емдеудің барынша көп ұзақтығы 2 күнді құрайды.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - коронарлық шунттау операциясынан кейінгі операциядан кейінгі ауыру (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдалану); - дегидратация, гиповолемия (оны туындатқан себепке қарамастан); - бауыр функциясының ауыр бұзылулары; - бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылулары (қан сарысуындағы креатинині деңгейі >180 мкмоль/л) немесе айналымдағы қан көлемінің төмендеуі (АҚК) немесе сусыздану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупіне байланысты жай-күйлер; - жедел пептидтік ойық жара, жақында болған асқазан-ішек қан кетулер немесе тесілу, анамнездегі ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кетулер жағдайлары; - цереброваскулярлық қан кету (расталған немесе ықтимал), геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылуы және қан кету қаупі жоғары жағдайлар (кеторолак трометамині тромбоциттер функциясын бұзады); - Кеторолакты ауыру синдромының профилактикасы мақсатында ауыр хирургиялық араласулар алдында пайдаланбаған жөн; - варфаринді және гепариннің төмен дозаларын қоса, антикоагулянттармен емдеу (әрбір 12 сағат сайын 2500-5000 ӘБ); - АСҚ немесе басқа да ҚҚСД емдеу (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) (ауыр ҚҚСД-байланысты жағымсыз реакциялардың пайда болуының кумулятивтік қаупі); - литий препараттарымен, пентоксифиллин немесе пробенецид бірге қолдану; - анамнезінде бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа түрлері, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары (ҚҚСП пайдалану кезінде ауыр, кейде өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакциялар даму жағдайлары туралы хабарланған); - мұрынның толық немесе ішінара полипі синдромы, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі; -Стивенс-Джонсон синдромымен анамнезінде немесе буллездік дерматитте; - құрамында этанолдың болуына байланысты инъекциялық ерітіндіні нейроаксиальді (эпидуральді немесе интратекальді) енгізу; - жүктілік және босану кезеңі (простагландиндер синтезінің тежелуі шарананың қан айналымына теріс әсер етуі мүмкін, бұл ретте жатырдың жиырылуы да төмендеуі мүмкін, нәтижесінде жатырдан қан кетудің даму қаупі артады); - бала емізу; - 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Доза ауыру қарқындылығына және пациенттің реакциясына байланысты түзетілуі тиіс. Әрбір нақты пациент үшін ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек. Кеторолакпен бір мезгілде апиынды анальгетиктер (мысалы, морфин, петидин) қолданылуы мүмкін, олар операциядан кейінгі ерте кезеңде ауыру неғұрлым күшті болған кезде оңтайлы анальгетикалық әсерге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Кеторолак апиындардың байланысуына әсер етпейді және апиындардан туындаған седация мен тыныс алу бәсеңдеуінің әсерін күшейтпейді. Кеторолакпен бір мезгілде пайдаланғанда, әдетте, апиындардың тәуліктік дозасы әдеттегіден аз талап етіледі. Кеторолак енгізілгенге дейін гиповолемия түзетілуі тиіс. Емді кеторолактың парентеральді нысандарынан бастаған жөн және пациенттерді мүмкіндігінше тезірек пероральді емге ауыстырған жөн. Бастапқы ем ретінде кеторолак трометаминнің пероральді түрлерін пайдалануға болмайды. Ересектер (65 жасқа дейін) Кеторолак препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы қажеттілігіне қарай әрбір 4-6 сағат сайын 10 мг-ден 30 мг-ге дейін құрайды. Ең төмен тиімді дозаны пайдалану керек. Ең жоғары тәуліктік доза 90 мг құрайды. Дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттер үшін немесе орташа ауыруы бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 60 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан) Кеторолак препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы қажеттілігіне қарай әрбір 4-6 сағат сайын 10 мг-ден 15 мг-ге дейін құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 60 мг құрайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Кеторолакты пайдалану бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы жағдайында кеторолакты тәулігіне 60 мг-ден аспайтын дозада пайдалануға жол беріледі. Балалар Балалардағы кеторолактың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Кеторолак препаратын 16 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Кеторолак препараты бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препаратты бұлшықет ішіне енгізуді баяу, терең бұлшықетішілік инъекция жолымен жүргізу қажет. Емдеу ұзақтығы Препаратты парентеральды енгізуді 2 күннен артық қолдануға болмайды, өйткені ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін. Ұзақ мерзімді қолдану тәжірибесі шектеулі, өйткені осы уақыттан кейін пациенттердің басым көпшілігі пероральді емдеуге ауысады немесе анальгетикалық терапияны қажет етпейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.