+12 бонус

КЕТОРОЛАК 10 мг №20 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО "Борисовский завод медицинских препаратов"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – кеторолак трометамині – 10 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, үлбір түзуші (ақ түсті) (құрамында: ішінара гидролизденген поливинил спирті, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль), лецитин (соя), титанның қостотығы (Е 171)).
Қолданылуы
Кеторолак ересектерде және 16 жастан асқан жасөспірімдерде қолдануға көрсетілген: - хирургиялық араласулардан кейінгі жедел ауырсынуды қысқа мерзімді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - коронарлық шунттау операциясынан (немесе жасанды қан айналдыру аппаратын пайдаланудан) соң болатын операциядан кейінгі ауырулар; - дегидратация, гиповолемия (оны тудырған себепке байланыссыз); - бауыр функциясының ауыр бұзылулары; - бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылулары (сарысу креатинині >180 мкмоль/л) немесе айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуі немесе сусызданудың аясында бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупімен байланысты жай-күйлер; - жедел пептидті ойық жара, таяуда болған асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу; анамнездегі ойық жара жағдайлары немесе асқазан-ішектен қан кету; - цереброваскулярлы қан кету (расталған немесе болжамды), геморрагиялық диатез, қан ұю бұзылулары және қан кетудің туындау қаупі жоғары болатын жай-күйлер (кеторолак трометамині тромбоциттер функциясын бұзады); - Кеторолакты ауыру синдромының профилактикасы мақсатында ауыр хирургиялық араласулар алдында пайдалануға болмайды; - варфарин және гепариннің төмен дозаларын қоса, антикоагулянттармен ем (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік); - АСҚ немесе басқа ҚҚСП емі (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) (ҚҚСП себебінен ауыр жағымсыз реакцияларды туындататын жинақталған қауіп); - литий препараттарымен, пентоксифиллинмен немесе пробенецидпен бірге қолдану; - бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе анамнездегі ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аллергиялық реакциялардың басқа типтері (ҚҚСП пайдалану кезінде ауыр, кейде өліммен аяқталатын анафилаксиялық реакциялардың даму жағдайлары мәлімделді); - толық немесе жартылай мұрын полипі синдромы, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі; - анамнездегі Стивенс-Джонсон синдромы немесе буллезді дерматит; - жүктілік және босану кезеңі (простагландиндер синтезінің тежелісі шарананың қан айналымына теріс ықпал етуі мүмкін, осы орайда жатырдың жиырылуы төмендеуі мүмкін, соның нәтижесінде жатырдан қан кетудің даму қаупі артады); - бала емізу; - 16 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Кеторолак препаратының таблеткалары тек қысқа мерзімде (5 күнге дейін) қолдануға ұсынылады және тұрақты қолдануға ұсынылмайды. Кеторолак препаратын пайдалану мәселесі туралы шешім қабылдағанда препаратты қолданумен байланысты ықтималды пайдасы мен қауіптерінің арақатынасын, сондай-ақ басқа емдік тактикаларды қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек. Кеторолак препаратымен бір мезгілде ауыру анағұрлым күшті болатын операциядан кейінгі ерте кезеңде ауыруды басатын оңтайлы әсерге жетуге қажет болуы мүмкін апиынды анальгетиктерді (мысалы, морфин, петидин) қолдануға болады. Кеторолак апиындарды байланыстыруға ықпал етпейді және апиындар туындататын тыныштану әсерлерін және тыныс тарылуын өршітпейді. Кеторолак препаратымен бір мезгілде пайдаланғанда, әдетте, апиындардың әдеттегіден аз тәуліктік дозасы қажет болады. Кеторолак препаратын енгізуге дейін гиповолемия түзетілуі тиіс. Емдеуді кеторолактың парентеральді түрлерінен бастау керек, ал пациенттерді мүмкіндігінше тезірек пероральді емге ауыстырған дұрыс. Бастапқы ем ретінде кеторолак трометаминінің пероральді түрлерін қолдануға болмайды. Ересектер (65 жасқа дейін) 10 мг ішке бір рет, артынан әр 4-6 сағат сайын 10 мг, қажет болса, көп дегенде, 40 мг/күн. Кеторолак трометаминінің таблетка түрлеріне ауыстырылған кеторолак трометаминін парентеральді қабылдап жүрген пациенттер үшін жалпы біріктірілген тәуліктік доза 90 мг-ден аспауы тиіс (егде жастағы пациенттер, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер және дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттер үшін 60 мг), ал препараттың пероральді түрін дозалау кеторолактың оральді түріне ауысқанда тәулігіне 40 мг-ден аспауы тиіс (егде жастағы адамдар үшін 30 мг-ден 40 мг дейін). Пациенттерді мүмкіндігінше ертерек пероральді емге ауыстыру қажет. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.