+27 бонус

КЕТОРОЛАК 10 мг №20 таб

550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – кеторолак трометамині 10 мг; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы 300 (Аэросил), магний стеараты, лактоза моногидраты; қабықтың құрамы Опадрай II ақ (85F18422): ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк.
Қолданылуы
Қажет болған жағдайда, стационар жағдайында алдыңғы парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне) емнің жалғасы ретінде ғана қарқындылығы орташа жедел ауыруды (операциядан кейінгі ауыруды қоса) қысқа мерзімді емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел пептидтік ойық жара, жақында болған асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі, анамнездегі ойық жара ауруы немесе асқазан-ішектен қан кету - ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолданудан туындаған бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем (ауыр анафилаксиялық реакциялардың пайда болу мүмкіндігіне байланысты) - анамнездегі бронх демікпесі - бүйректің айқын жеткіліксіздігі немесе бүйрек жеткіліксіздігінің бар қаупі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - толық немесе ішінара мұрын полиптері синдромы, Квинке ісінуі немесе бронх түйілуі - гепариннің төмен дозаларын қоса алғанда, антикоагулянттар алатын пациенттерде (әрбір 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) қан құйылу немесе қан кетуді толық тоқтатудың қаупі жоғары, бұрын жүргізілген операциялық араласым - күдікті немесе расталған цереброваскулярлық қан кету, геморрагиялық диатез, оның ішінде қан ұюының бұзылуы және қан кету қаупі жоғары - қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілер (ҚҚСД) (циклооксигеназаның селективті тежегіштерін қоса), ацетилсалицил қышқылымен, пробенецидпен немесе литий тұздарымен бір мезгілде емдеу - кеторолак пен пентоксифиллинді бір мезгілде қолдану - кеторолак пен антикоагулянттарды, соның ішінде варфаринді немесе гепариннің төмен дозаларын бір мезгілде қолдану (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) - жүктілік, толғақ, босану және бала емізу кезеңі - гиповолемия, дегидратация - 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Операциялық араласымның алдында және кезінде анальгетикалық дәрі ретінде қолданылмайды. Аортакоронарлық шунттау операциясы кезінде операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін қолданылмайды. Кеторолакты қабылдағанға дейін жақында асқазаныңызға немесе асқазан-ішек жолыңызға операция жасатқан болсаңыз немесе жасағыңыз келсе, дәрігеріңізге айтыңыз, өйткені кеторолак кейде операциядан кейін ішектегі жаралардың жазылуын нашарлатуы мүмкін.
Дозасы
17 жасқа дейінгі балаларға - қолдану қарсы көрсетілімді. Дене салмағы кемінде 50 кг және бүйрек функциясы сақталған 17 жастан 64 жасқа дейінгі пациенттер: бастапқы доза 20 мг, содан кейін 4-тен 6 сағатқа дейінгі аралықпен тәулігіне 4 рет ең жоғарысы 10 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 4 таблетканы (40 мг) құрайды. Егде жастағы пациенттер Дене салмағы 50 кг-нан аз пациенттер, егде жастағы адамдар немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: 4-тен 6 сағатқа дейінгі аралықпен тәулігіне 4 рет ең көбі 10 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.