+54 бонус

КЕТОРОЛ 30 мг/1 мл №10 амп

1090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - кеторолак трометамині 30.0 мг қосымша заттар: 4.350 мг натрий хлориді, 100.0 мг этанол 96%, q.s. натрий гидроксиді рН түзету үшін, q.s. хлорлы сутегі қышқылы рН түзету үшін, инъекцияға арналған су 1.0 мл-ге дейін.
Қолданылуы
- операциядан кейінгі кезеңде қарқындылығы орташа және күшті жедел ауруды қысқа мерзімдік басу үшін Емдеу ауруханада ғана басталуы мүмкін. Ең көп емдеу ұзақтығы 2 күн.
Қарсы көрсетілімдер
- Кеторолакқа немесе оның қосымша заттарына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға бұрын аса жоғары сезімталдығы байқалған пациенттерге, сондай-ақ аспириннің немесе басқа простагландин тежегіштерінің синтезі аллергиялық реакцияны туындататын пациенттерге. Мұндай реакцияларға демікпе, риниттер, Квинке ісінуі және аллергиялық бөртпе қамтылады - анамнездегі демікпе - 16 жасқа дейінгі балаларға - асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларының өршу фазасы, асқазан-ішектік қан кетулер, соның ішінде анамнезінде - қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдаған кездегі сияқты, Кеторолакты жүрек, бауыр және бүйрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды (айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз) - бүйрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (сарысулық креатинині >160 мкмоль/л) пациенттерге немесе көлемдік дегидратацияға немесе гипогидратацияға сай бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің қаупі бар топтағы пациенттерге - жүкті әйелдер, босандыру кезі және лактация кезеңі - операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде, өйткені қан кетулердің пайда болу қаупіне байланысты операция кезінде тромбоциттердің агрегациясын тежейді - кеторолак тромбогенезді тежейді, сондықтан цереброваскулярлық қан кетуге күдіктенген немесе ол айғақталған пациенттерге қолдануға болмайды. Анамнезінде қан жоғалту қаупі жоғары болған операция жасалған немесе гемостаз жеткіліксіз пациенттерге және қан кету қаупі жоғары пациенттерге, сондай-ақ коагуляцияның бұзылуларын қоса, геморрагиялық диатезі бар пациенттерге - аз дозалардағы (12 сағат ішінде 2500-5000 бірлік) варфарин мен гепаринді қоса, антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерге - ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (іріктеп әсер ететін циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоса) уақытша қабылдап жүрген пациенттерге - инъекцияға арналған кеторолак ерітіндісін құрамында спирт бар болғандықтан, нейроаксильді (эпидуральді немесе интратекальді түрде) қолдануға болмайды - кеторолакты окспентифилинмен біріктіру - кеторолакпен және пробеницидпен немесе литий тұздарымен бір мезгілде емдеу - мұрын полиптерінің толық немесе ішінара синдромы, Квинке ісінуі немесе бронхтың түйілуі бар пациенттерге.
Дозасы
Кеторол® бұлшықет ішіне енгізіледі. Ауыруды басатын әсерінің басталу уақыты бұлшықет ішіне жасалатын инъекцияларға шамамен 30 минутты құрайды, ауырудың басылуының ең ұзаққа созылуы бір сағаттан бастап екі сағатқа дейін. Аурудың басылуының орташа әсері төрттен алты сағатқа дейін созылады.  Доза аурудың ауырлық дәрежесіне және пациенттің реакциясына сәйкес реттеледі. Кеторолактың бұлшықет ішіне енгізілетін ұзаққа созылатын көп реттік тәуліктік дозаларын қолдану екі күннен аспауы тиіс, өйткені препаратты ұзағырақ қолдану жағымсыз әсерлердің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Препаратты ұзағырақ кезеңге қолдану жөніндегі ақпарат шектеулі, өйткені пациенттердің көбісі пероральді медициналық препараттарға ауыстырылды немесе ауыруды басатын емдеуді керек еткен жоқ.  Жағымсыз реакциялардың даму ықтималдылығының симптомдары бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаларды тағайындағанда азаюы мүмкін. Ересек пациенттерде қолдану Кеторол® ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг құрайды, одан кейін пациенттің қажет етуіне байланысты төрт-алты сағат сайын 10-нан 30 мг-ге дейін қолданылады. Операциядан кейінгі ерте кезеңде Кеторол® қажет болғанда 2 сағат сайын енгізіледі. Тиімді ең аз дозаны енгізген жөн. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза 90 мг аспауы тиіс. 60 мг доза егде жастағы пациенттерге; және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге, сондай-ақ дене 50 кг дейін болатын пациенттерге тағайындалады. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы екі күннен аспауы тиіс. Дене салмағы 50 кг аз пациенттерде дозаны төмендеткен жөн. Апиындық анальгетиктер (мысалы, морфин, петидин) бір мезгілде қолданылуы мүмкін және ауыру өте күшті болған кезде операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басатын әсерге тиімді түрде қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Кеторолак апиынды рецепторлармен байланыспайды және тыныстың апиындарға байланысты тарылуын және седативтік әсерді күшейтпейді. Кеторолмен бұлшықет ішіне бір мезгілде қолданғанда апиынның тәуліктік дозасы қалыпты қажеттіліктен әдетте аз болады. Дегенмен, апиынның жағымсыз әсерлері, әсіресе бір күндік хирургияда ескерілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге қолдану Егде жастағы адамдар жағымсыз әсерлердің пайда болуының жоғары қаупіне бейім. Егер ҚҚСП қажет деп саналса, ең төменгі тиімді дозаны және мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қолдану керек. Пациент ҚҚСП жүргізілетін ем кезінде асқазан-ішектен қан кету тұрғысынан үнемі бақылауда болуы тиіс. Жалпы тәуліктік доза 60 мг аспауы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуында қолдану Бүйрек функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды; бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігінде доза азайтылуы тиіс (бұлшықет ішіне тәулігіне 60 мг аспауы тиіс).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.