+16 бонус

КЕТОРОЛ 10 мг №20 таб

325 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – кеторолак трометамині 10 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 тип), желатинденген жүгері крахмалы, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабық құрамы: Опадри 03К51148 жасыл (гипрометилцеллюлоза (6срѕ), титанның қостотығы Е171, триацетин / глицерин, темірдің (III) сары тотығы Е172, FD & С №1 бояғышы (бриллиантты көк FCF, алюминий лагы 11-13 %)
Қолданылуы
- орташа және күшті айқындылық дәрежесіндегі жедел ауыру синдромын қысқа мерзімде басуда, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде апиындық анальгетиктермен қажетті анальгезияда.
Қарсы көрсетілімдер
- кеторолакқа немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық - варфарин мен гепаринді қоса, антикоагулянттар қабылдау - ацетилсалицил қышқылын қабылдау - бронх демікпесінің, мұрын және мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозының және ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да ҚҚСП (оның ішінде анамнезде) толық немесе толық емес біріктірілімі - ҚҚСП қабылдаудан туындаған есекжем, ринит (анамнезде) - пиразолон қатарының дәрілік заттарын көтере алмау - гиповолемия (оны туындатқан себептерге байланыссыз) - расталған гиперкалиемия - асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішектен қан кету, соның ішінде анамнезде - ішектің қабыну аурулары - гипокоагуляция (оның ішінде гемофилия) - қан түзудің бұзылуы - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді аурулары - басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолдану - пробенецидпен бір мезгілде қабылдау - пентоксифиллинмен бір мезгілде қабылдау - қан кетудің жоғары даму қаупі (оның ішінде операциядан кейін) - күмәнді немесе расталған цереброваскулярлық қан кету, геморрагиялық диатез, - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға - жүктілік, босану және лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған) - кез келген күрделі операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде. - коронарлық шунттауда операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін. Кеторолакты  қан кетудің жоғары қаупіне байланысты анестезияны демейтін премедикацияға арналған дәрі ретінде және хирургиялық операция кезінде ауыруды басу үшін қолдануға болмайды. Кеторолак созылмалы ауыруды емдеу үшін қолданылмайды.
Дозасы
Пайдалану туралы шешім қабылдағанға дейін Кеторол препаратын қолданудың потенциалды пайдасы мен қауіптерін мұқият қарастырып алу керек. Кеторол инъекциясымен және Кеторол таблеткаларымен жалпы емдеу ұзақтығы жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының арту қаупіне байланысты 5 күннен аспауы тиіс. - 18-ден 64 жасқа дейінгі пациенттер үшін Кеторол таблеткаларын бір рет 20 мг (2 таблетка) қабылдайды, кейін күніне 40 мг асырмай күніне 4 рет 4-6 сағаттан кейін 10 мг (1 таблетка) қолданады. - бүйрек жеткіліксіздігі бар және/немесе салмағы < 50 кг  ≥ 65 жастағы пациенттер үшін: Кеторол таблеткаларын бір рет 10 мг (1 таблетка), кейін күніне 40 мг асырмай күніне төрт рет 4-6 сағаттан кейін 10 мг (1 таблетка) қолданады. Ең төменгі тиімді дозаны пайдалану қажет. 4-6 сағат дозалау аралығын қысқартуға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.