+149 бонус

КЕТОНАЛ ФОРТЕ 100 мг №20 таб

2990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг кетопрофен қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 400, индиготин (Е 132), титанның қостотығы (E 171), тальк, карнауб балауызы.
Қолданылуы
Ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу: - созылмалы ревматизм, атап айтқанда ревматоидты артрит, реактивті артрит, шорбуынданатын спондилоартрит (немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы және псориазды артрит сияқты байланысты синдромдар) - остеоартриттің кейбір ауыр түрлері Жедел көріністерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: - абартикулярлық ревматизм (иық-жауырын периартриті, тендинит, бурсит) - микрокристалды артрит - остеоартроз - жарақаттан кейінгі ауырсыну синдромы - радикулалгия - арқаның ауыруы
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе кез келген қосымша заттарға жеке жоғары сезімталдық - кетопрофенді немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) сияқты ұқсас әсер етуші заттарды қабылдаудан туындаған ринит, бронх түйілуі, демікпе, аллергиялық бөртпе немесе аллергиялық реакциялар тарихы бар пациенттерге. Бұл пациенттерде ауыр, бірақ сирек өлімге әкелетін анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - хирургиялық аорта-коронарлық шунттау жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу - анамнездегі созылмалы диспепсия - белсенді түрдегі пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішек қан кетуінің кез келген тарихы, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі - қан кетулер (асқазан-ішектен, церебро-васкулярлық немесе басқа да белсенді қан кетулер) - қан кетуге бейімділік - бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары - қан тарапынан бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляцияның бұзылулары) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктіліктің III триместрінде және лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 18 жастан асқан балалар: 100 мг 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет . Ревматоидты артритті емдеуде ұсынылатын доза тәулігіне екі реттен аспайтын 100 мг 1 таблетканы құрайды. Кетопрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 200 мг құрайды. Қажетсіз жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін пациент Кетонал® Форте препаратымен бір мезгілде антацидті дәрілер қабылдай алады. Кетонал® препаратының пероральді түрлерін Кетонал® суппозиторийлермен біріктіруге болады, мысалы: таңертең 1 таблетка Кетонал® (100 мг) және кешке 1 суппозиторий Кетонал® 100 мг. Күніне 200 мг дозамен емдеуді бастамас бұрын қауіп пен пайда теңгерімін мұқият саралаған жөн. Анағұрлым жоғары дозаларды қолдану ұсынылмайды (сонымен қатар 4.4 бөлімін қараңыз). Балалар мен жасөспірімдер Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Бауыр жеткіліксіздігі кезінде пациенттер кетопрофеннің ең аз тәуліктік дозасын қабылдауы тиіс, өйткені ол тіпті қажетті емдік әсер алу үшін де жеткілікті. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде кетопрофеннің дозасын тиісінше азайту керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде жағымсыз әсерлердің күрделі салдарының қаупі жоғары болады. Егер ҚҚСП емдеу маңызды деп саналса, ең аз дозасын қолдану керек және асқазан-ішектен қан кетудің анықталуына байланысты ҚҚСП қолданатын емдеу басталғаннан кейін пациент төрт апта бойы әрдайым бақылауда болуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Кетонал® Форте препаратын шайнамай, жеткілікті мөлшердегі су немесе сүтпен (100 мл-ден кем болмау керек) тамақпен бірге немесе тамақтан соң бірден қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.