+145 бонус

КЕТОНАЛ АКТИВ 50мг 2г №30 гран д/р-ра д/внут прим

2900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Сандоз Д.О.О.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір қос пакетте белсенді зат – кетопрофен 50 мг (80 мг кетопрофен лизин тұзына баламалы); қосымша заттар: маннитол, повидон, жалбыз хош иістендіргіші, натрий хлориді, натрий сахарині, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Ересектер КЕТОНАЛ® АКТИВ түйіршіктері келесі жағдайларда ауырсыну және қабыну симптомдарын емдеуге арналған: Онкология, отоларингология, урология және пульмонологиядағы ауырсыну және қабыну Жарақаттан кейінгі қабыну Артриттің ауыр түрлері Ревматоидты артрит Шорбуынданатын спондилит Буыннан тыс ревматизм Балалар КЕТОНАЛ® АКТИВ түйіршіктері 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге, сондай-ақ егде жастағы пациенттерге қызба немесе қызбасыз болатын ауырсыну мен қабынуды симптоматикалық және қысқа мерзімді емдеу үшін, мысалы, сүйек-буын жүйесін зақымдайтын жағдайларда, операциядан кейінгі ауырсыну мен отит кезінде қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) немесе басқа ҚҚСД немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық. анамнезде кетопрофенді, ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) немесе басқа да ҚҚСД қабылдаумен байланысты аса жоғары сезімталдық (мысалы: бронх түйілуі, демікпе ұстамалары, ринит, Квинке ісінуі, есекжем және т.б. аллергиялық реакциялар). Мұндай пациенттерде ауыр анафилаксиялық реакциялар (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын) сипатталған; анамнезінде бронх демікпесі өршу сатысындағы пептидтік ойықжарасы бар немесе анамнезінде асқазан-ішектен қан кету, ойық жарасы және/немесе перфорациясы (тесілуі) бар пациенттер Крон ауруы немесе ойықжаралы колит; жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі; бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі; бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі; геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа да бұзылулары; жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі; балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; лейкопения, тромбоцитопения - АІЖ-дан қан кету қаупі жоғары пациенттерге, оның ішінде: егде жастағы пациенттер, антикоагулянттарды, антиагреганттарды, кортикостероидтарды, басқа да ҚҚСП немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СҚҚСТ) қабылдайтын пациенттер.
Дозасы
Жағымсыз реакциялар ең төменгі тиімді дозаны қолданғанда және ауыру синдромын басу үшін қажетті қысқа уақыт ішінде азайтылуы мүмкін. КЕТОНАЛ® АКТИВ препараты ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер болып табылады. Ересектер мен 16 жастан бастап жасөспірімдер: 1 қос пакеттен тәулігіне үш ретке дейін. Қабылдаулар арасындағы аралық кемінде 8 сағатты құрауы тиіс. 16 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер препаратты үш күннен артық қабылдау қажет болған жағдайда немесе жағдайы нашарлаған кезде дәрігерге қаралуы қажет. Ересектер қызба болған кезде препаратты үш күннен артық қабылдау қажет болған жағдайда немесе қызбасыз препаратты бес күннен артық қабылдау қажет болған жағдайда немесе жағдайы нашарлаған кезде дәрігерге қаралуы қажет. Кетопрофеннің ең жоғары дозасы тәулігіне 200 мг (бұл 320 мг кетопрофен лизин тұзына сәйкес келеді). Пациенттердің ерекше топтары Балалар 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде кетопрофеннің қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ. Бұл препарат 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналмаған. Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын таңдауды қажет болған жағдайда оны азайта алатын дәрігер жүзеге асыруы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерді емдеуді препараттың ең төменгі тәуліктік дозасынан (1 қос пакет) бастап, ең тиімді төмен дозасында ұстау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бастапқы дозаны азайту және ең аз тиімді дозамен терапияны қолдау ұсынылады. Дозаны жеке түзету бастапқы дозаға жағымдылығы анықталғаннан кейін ғана қаралуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы КЕТОНАЛ® АКТИВ препараты ішке қабылдауға арналған. Бір қос пакеттің ішіндегісін 100 мл суда ерітіңіз, содан кейін түйіршіктер толық ерігенше 30 секунд жақсылап араластырыңыз және тамақтану кезінде ішке қабылдаңыз. Дайындалған ерітіндіні дайындағаннан кейін дереу пайдалану керек. Емдеу ұзақтығы КЕТОНАЛ® АКТИВ препараты қысқа мерзімге қолдануға ғана арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.