+127 бонус

КЕТОНАЛ 50 мг №25 капс

2540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - кетопрофен 50 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), патенттелген көк V (Е 131).
Қолданылуы
Қолданылуы кетопрофеннің анальгетикалық және қабынуға қарсы белсенділігіне, дәрілік заттан туындаған жақпаушылықтың клиникалық белгілерінің дәрежесіне және оның қазіргі уақытта қолжетімді қабынуға қарсы дәрілер ассортиментіндегі орнына байланысты. Қолданылуы шектеулі, ересектер мен 18 жастан асқан балаларда. Ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу: - созылмалы ревматизм, атап айтқанда ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит (немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы және псориазды артрит сияқты тектес синдромдар) - остеоартриттің кейбір ауыр түрлері (ауыр және әлсірететін) Жедел көріністерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: - абартикулярлық ревматизм (иық-жауырын периартриті, тендинит, бурсит) - микрокристалды артрит - остеоартроз - арқаның ауыруы - радикулалгия - тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз жедел аурулары
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе кез келген қосымша заттарға жеке жоғары сезімталдық - кетопрофенді немесе басқа стероидті емес қабынуға қарсы препараттар немесе салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) сияқты ұқсас әсер етуші заттарды қабылдаудан туындаған ринит, бронх түйілуі, демікпе, алергиялық бөртпе немесе аллергиялық реакциялар тарихы бар пациенттерге. Бұл пациенттерде ауыр, бірақ сирек өлімге әкелетін анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - хирургиялық аорта-коронарлық шунттау жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін - анамнездегі созылмалы диспепсия - белсенді түрдегі пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішек қан кетуінің кез келген тарихы, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі - қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер) - қан кетуге бейімділік - бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары - қан тарапынан бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляцияның бұзылулары) - кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу аясында дамыған фотоаллергиялық және фотоуытты реакциялар - геморрагиялық диатез - ауыр сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - порфирия - III триместрдегі жүктілік және лактация кезеңі
Дозасы
Ересектерге: әр 8 сағат сайын 1 капсуладан, 50 мг, қажеттілігіне қарай. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг (3 капсула) аспауы тиіс. Пациентке әдетте Кетонал® 1 капсуладан таңертең, түсте және кешке тағайындалады. Ревматоидты артрит пен остеоартритті емдеу үшін ұсынылатын доза әр 6 сағат сайын 1 капсула Кетонал® 50 мг құрайды. Жеңіл және орташа ауырсыну және дисменорея кезінде ұсынылатын доза әр 6-8 сағат сайын 1 капсула Кетонал® 50 мг құрайды. Симптомдарды басуға қажет болатын барынша қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қабылдау арқылы жағымсыз әсерлерді азайтуға болады. Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс. Кетонал® препаратының пероральді түрлерін Кетонал® суппозиторийлерімен біріктіруге болады, мысалы: 1 капсула Кетонал® таңертең, 1 капсула (50 мг) түсте және 1 суппозиторий Кетонал® 100 мг кешке. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде пациенттерде күрделі жағымсыз әсерлер (мысалы, асқазан-ішектен қан кету) дамуының жоғарғы қаупі бар. Қажет болса мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін препаратты анағұрлым қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады. Сондай-ақ протекторларды қатар қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Егер ҚҚСП емдеу қажет болса, мүмкін болатын ең аз дозаны қолдану керек және ҚҚСП емін бастағаннан кейін әр 4 апта сайын пациенттің асқазан-ішектен қан кетуіне қатысты бақылау жасап отыру керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Кетонал® препаратын бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Кетонал® препаратын бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады. Енгізу әдісі мен жолы Кетонал® препаратының капсуласын жеткілікті көлемдегі (кемінде 100 мл) сумен немесе сүтпен ішіп, тамақтану кезінде немесе одан кейін ішке қабылдайды. Кетопрофеннің АІЖ жағымсыз әсерлерінің ықтималдығын төмендететін антацидтерді бір уақытта қабылдауға болады. Емдеу ұзақтығы Дәрігердің кеңесінсіз жол берілетін ең жоғары емдеу ұзақтығы - 5 күн. Егер пациенттің жағдайы жақсармаса немесе препаратты қолданғаннан кейін 3 күннен соң нашарласа дәрігерге қаралу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.