+157 бонус

КЕТОНАЛ 2,5 % 50 г гель

3150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм гельдің құрамында белсенді зат – 25 мг кетопрофен, қосымша заттар: карбомер, троламин, этанол (96%), лаванда эфир майы тазартылған су.
Қолданылуы
Кетопрофен – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар. - жарақаттардан туындаған тірек-қимыл аппаратының жедел ауыру жағдайларын жеңілдету (бұлшықеттердің, буындардың ауыруында, сіңірдің және байламдардың созылуы, соғып алу немесе үзілуі салдарынан ісінуде, шамадан тыс физикалық жүктеме салдарынан бұлшықеттердегі ауырсыну) - остеоартрит кезіндегі ауырсыну
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға және салицилаттарға аса жоғары сезімталдық - анамнездегі фотосезімталдық реакциясы - балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - анамнезде аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы, мысалы, демікпе симптомдары, кетопрофенге, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдау кезіндегі аллергиялық ринит - анамнезде кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, УК-блокаторларын қабылдауға немесе парфюмерияға тері аллергиялық реакцияларының болуы - емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейінгі 2 апта бойы күн сәулесінің (жарығы шашыраңқы болса да) немесе солярийдегі УК-сәулеленудің әсері - гель зақымданған теріге (экзема, акне, сулы дерматит, ашық немесе инфекция жұқтырған жара) жағылмауы тиіс - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі
Дозасы
Гельді ауырған немесе қабынған жерге күніне 2-3 рет жағады. Гель мөлшері ауырсыну аймағын жабатындай етіп реттеледі, бірақ күніне 15 г (7,5 г) аспауы керек. Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер Кетонал® гельді күніне екі-төрт рет жеңіл ысқылап жағу керек. Дозасы зақымданған аумақтың ауданына сәйкес таңдалуы тиіс: 5 см гель 100 мг кетопрофенге сәйкес келеді, 10 см Кетонал® гелі 200 мг кетопрофенге сәйкес келеді. Балалар Балаларға ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозалау бойынша арнайы ұсынымдар жоқ. Жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупі жоғары пациенттер Кетонал® гельдің клиникалық тиімді және қауіпсіз барынша аз дозасын ұстанғандары жөн. Окклюзиялық таңғышты қолдану қажет емес. Кетонал® гель Кетонал® препаратының басқа дәрілік түрлерімен (капсулалармен, таблеткалармен, суппозиториймен) біріктірілімде қолданылуы мүмкін. Дәрілік түріне қарамастан тәуліктік жиынтық дозасы 200 мг аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Кетонал® гелі теріге жағуға арналған. Аз мөлшердегі гельді дененің қабынған немесе ауыратын аймағындағы теріге жұқа қабатпен тәулігіне 2-4 рет жағып және ақырын ысқылайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Ауырсыну немесе қабыну аймағындағы теріге 7 күнге дейін қолдану керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар Егер сізде инфекция болса және қызба және ауырсыну сияқты инфекция симптомдары сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге жүгіну ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.