+197 бонус

КЕТОНАЛ 100 мг 2 мл №10 амп

3940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
2 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – 100 мг кетопрофен, қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: ревматизмдік аурулар кезіндегі қабыну үдерісінің асқынуларын белдегі жедел ауыруларды (бұлшықеттің созылуы, люмбаго, ишиас, фиброзит), радикулалгияны операциядан кейінгі ауыруды және тірек-қимыл аппаратының қабынуын онкологиялық аурулар кезіндегі ауыру синдромын бүйрек шаншуының ұстамасын
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - пациенттің сырқатнамасында кетопрофенді немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы сияқты) сияқты ұқсас әсер етуші заттарды қабылдаумен байланысты ринит, бронх түйілуі, демікпе, аллергиялық бөртпе немесе аллергиялық реакциялар көрсетілсе - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - анамнезде созылмалы диспепсиясы бар пациенттерге - белсенді түрде пептидтік ойық жарасы немесе асқазан-ішектен қан кетудің кез келген жағдайы, ойық жараның түзілуі немесе тесілуі бар пациенттерге - қан кету (асқазан-ішектен, цереброваскулярлы немесе басқа да белсенді қан кету) - қан кетуге бейімділік - бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылуы - қан тарапынан бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляцияның бұзылуы) - гемостаздың бұзылуы немесе антикоагулянттармен емдеуді жалғастыру (бұлшықет ішіне енгізумен байланысты қарсы көрсетілімдер) - жүктіліктің соңғы триместрі және лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізу үшін. Ең аз тиімді дозаны симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа мерзім ішінде қолдану керек. Пайда мен қауіптің арақатынасы тәуліктік 200 мг дозамен емдеуді бастар алдында мұқият бағалануы тиіс, ал неғұрлым жоғары дозаларды пайдалануды емдеудің ең ұзақ ұзақтығын сақтай отырып, бүйрек шаншуының қатаң шеңберінде ғана жүргізу керек. Ревматология, шығу тегі ісіктен туындайтын ауыру: 1-ден 2 ампулаға дейін немесе күніне 100-ден 200 мг-ға дейін. Бүйрек шаншуының ұстамасы: күніне 100-ден 300 мг-ға дейін. Қажет болғанда ем Кетонал® препаратының пероральді, ректальді немесе сыртқа қолданылатын дәрілік түрлерін пайдаланып, жалғастырылуы мүмкін. Кетопрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 200 мг құрайды. Енгізу әдісі және жолы Тәуліктік дозаны 2-3 инъекцияға бөлудің артықшылығы болады. Инъекцияларды қатаң түрде асептикалық тәсілмен бөкселердің жоғарғы сыртқы квадрантының сыртқы бөлігіне терең және баяу жасалуы керек. Қайталау кезінде әр инъекцияны енгізу үшін жасау орнын кезектестіріп отыру ұсынылады. Иненің ұшы қантамырға түспегеніне көз жеткізу үшін инъекциялау алдында аспирация жүргізу өте қажетті шара болып табылады. Егер инъекция кезінде қатты ауырсыну пайда болса, процедураны дереу тоқтату қажет. Ұршықбуын протезі қойылған жағдайда инъекцияны қарама-қарсы жағына жасау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.