+128 бонус

КЕТОНАЛ 100 мг №12 супп рект

2565 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында белсенді зат – 100 мг кетопрофен, қосымша заттар: қатты май, орташа ұзындықты тізбегімен триглицеридтер.
Қолданылуы
Препарат ересектер мен 15 жастан асқан балаларда қолдануға арналған. Ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу: созылмалы ревматизм, атап айтқанда ревматоидты артрит, реактивті артрит, шорбуынданатын спондилоартрит (немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы және псориаздық ревматоидты артрит сияқты ұқсас синдромдары) - остеоартриттің кейбір ауыр, мүгедектікке ұшырататын түрлері Қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: - буыннан тыс ревматизмде (тендинит, бурсит, иық буыны капсулиті) - микрокристалды артрит - остеоартрит - остеоартроз - жарақаттан кейінгі ауырсыну синдромы - операциядан кейінгі ауырсыну синдромы - радикулалгия - белдің ауыруы - альгодисменорея
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - пациенттің ауру тарихында кетопрофенді немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы сияқты) сияқты ұқсас әсер етуші заттарды қабылдаумен байланысты ринит, бронх түйілуі, демікпе, аллергиялық бөртпе немесе аллергиялық реакциялар көрсетілсе - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - өршу фазасындағы асқазан-ішек жолының аурулары (гастрит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, анамнезінде асқазан-ішек қан кетулерін, ойық жаралардың пайда болуын немесе тесілуін көрсетеді) - қан кету (асқазан-ішектен, цереброваскулярлы немесе басқа да белсенді қан кету) - қан кетуге бейімділік - бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылуы - қан тарапынан бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляцияның бұзылуы) - проктит немесе тік ішектің шырышты қабығының қабынуының басқа түрлері - анамнезінде жақында болған ректальді немесе анальді қан кетудің болуы - аорта-коронарлық шунттау жүргізу көзделетін, хирургиялық араласу аясында ауырсыну синдромдарын емдеуде - анамнездегі созылмалы ас қорыту бұзылысы - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі - балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Кетопрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 200 мг аспауы тиіс. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға: тәулігіне 1-2 рет 1 суппозиторийден (100 мг) тағайындайды. 200 мг ең жоғары тәуліктік дозамен емдеуді бастар алдында пайда / қауіп арақатынасын мұқият бағалау керек, бұл ретте неғұрлым жоғары дозаларды пайдалану ұсынылмайды. Ректальді енгізу үшін жергілікті уыттылық қаупімен және ішке қабылдау қаупімен байланысты мүмкіндігінше емдеу ұзақтығы қысқа болуы керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде жағымсыз әсерлердің күрделі салдарының қаупі жоғары болады. Егер қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емдеу қажетті деп саналса, ең аз дозасын қолдану керек және асқазан-ішектен қан кетуді анықтауға байланысты ҚҚСП қолданатын емдеу басталғаннан кейін пациент төрт апта бойы әрдайым бақылауда болуы тиіс. Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер ҚҚСП бүйрек простагландиндерінің вазодилатациялайтын әсерін басып, шумақтық сүзілудің төмендеуі есебінен бүйректің функционалдық жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз реакция дозаға байланысты. Емнің басында немесе дозасының ұлғаюынан кейін мынадай қауіп факторлары бар пациенттерге диурез бен бүйрек функциясының мониторингі ұсынылады: егде жастағылар, қатар қабылданатын дәрілік заттар, мысалы: АӨФ тежегіштері, АРБ, диуретиктер, себептеріне қарамастан гиповолемия, жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, нефрит синдромы, жегілік нефрит, бауыр циррозы. Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бастапқы дозаны төмендетіп, мұндай пациенттерді ең төменгі тиімді дозада ұстаған жөн. Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге кетопрофенді қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөл. қараңыз).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.