+18 бонус

КЕТАНОВ 10 мг №20 таблеток

375 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: S.C. TERAPIA S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10.00 мг кеторолак трометамолы қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH112), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабық: гипромеллоза (5mРa s), макрогол-400, тальк, титанның қостотығы Е171. Сыртқы түрінің, иісі мен дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында ойып түсірілген «KVT» жазуы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Қолданылуы
жедел ауыруды қысқа мерзімді емдеу (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, буынның шығып кетуі және деформация сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде) арқа мен бұлшықеттерде кенеттен ауырсыну
Қарсы көрсетілімдер
кеторолак трометамолына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық өршу кезеңіндегі асқазан-ішек жолдарының эрозиялық ойық жаралы зақымдануы, анамнезіндегі асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жара ауруы немесе тесілуі анамнезінде бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа түрлері, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ҚҚСД) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары (ҚҚСД пайдалану кезінде ауыр, кейде өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакциялар дамуы туралы хабарланған) ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе айналымдағы қан көлемінің төмендеуі (АҚК) немесе сусыздану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупімен байланысты жай-күйлер бауыр функциясының ауыр бұзылуы (цирроз, асцит) жүктіліктің үшінші триместрі мен босану (простагландиндер синтезінің тежелуі шарананың қан айналымына теріс әсер етуі мүмкін, сонымен бірге жатырдың жиырылуы да төмендеуі мүмкін, нәтижесінде жатырдан қан кету қаупі артады) операциядан кейінгі қан кетудің жоғары қаупі (мысалы, тонзиллэктомия) немесе толық емес гемостаз, қан түзудің бұзылуы немесе цереброваскулярлық қан кету ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA III-IV) емшек емізу цереброваскулярлық қан кету (расталған немесе ықтимал), геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылуы және қан кетудің пайда болу қаупі жоғарылаған жағдайлар (кеторолак трометамолы тромбоциттер функциясын бұзады) варфаринді және гепариннің төмен дозаларын қоса, антикоагулянттармен емдеу АСҚ немесе басқа да ҚҚСД емі (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) (ауыр ҚҚСД-жанама жағымсыз реакциялардың пайда болуының кумулятивтік қаупі) пробенецидпен, литий тұздарымен бір мезгілде қолдану пентоксифиллинді бір мезгілде қолдану басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолдану мұрынның толық немесе ішінара полипі синдромы, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер ауырсыну синдромының профилактикасы мақсатында ауыр хирургиялық араласулар алдында қолдануға болмайды - интраоперациялық, қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты коронарлық шунттау операциясынан кейінгі операциядан кейінгі ауырсыну (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдалану) Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Кеторолакты басқа ҚҚСД сияқты қолдану, әсіресе бекітілмеген көрсеткіштер бойынша және/немесе ұзақ кезең бойы қолданғанда ауыр асқазан-ішек уыттылығының даму қаупінің жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін. Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, кеторолакты ҚҚСД-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз емдік дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.
Дозасы
Ересектер 18-ден 64 жасқа дейін: 10 мг ішке бір рет, содан кейін әр 6-8 сағат сайын 10 мг- ден, қажет болған жағдайда күніне 40 мг аспайды. Парентеральді емдеуден пероральді емдеуге ауысқан күні ең жоғары пероральді доза 40 мг-нан аспауы керектігін есте сақтай отырып, 90 мг жалпы тәуліктік дозасынан асырмау қажет. Доза дене салмағы 50 кг аз пациенттерде талапқа сай төмендетілуі қажет. Ескерту Пероральді препаратты бастапқы доза ретінде беруге болмайды. Әрбір нақты пациент үшін ең аз тиімді дозаны қолданыңыз. Препаратты қабылдау арасындағы 6-8 сағат аралықты қысқартпаңыз. Назар аударыңыз: емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Дәрілік препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Біріктірілген емнің (парентеральді және пероральді) жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Кетанов препаратының таблеткаларын 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер жағымсыз әсерлердің туындауы нәтижесінде ауыр зардаптарының жоғары қаупіне ұшырайды. Егер ҚҚСД қажет деп саналса, онда ең қысқа ұзақтықта ең төмен тиімді дозаларда тағайындау керек. Пациент ҚҚСД қолданумен ем кезінде асқазан-ішектен қан кетуге жүйелі түрде бақылануы тиіс. 10 мг ішке бір рет, содан кейін әр 4-6 сағат сайын 10 мг-ден, қажет болған жағдайда күніне 40 мг-ден көп емес. Препараттың ең төмен тиімді дозасын қолдану керек, өйткені бұл шығаруды баяулатады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмендеген жағдайда келесі емдік схема ұсынылады: Креатинин клиренсі (мл / мин / кг) Креатинин клиренсі (мг / дл) Дозаны төмендету > 0,7 <1,90 жоқ 0,2-0,7 1,90–5,00 50% Креатинин деңгейі 5,0 мг/дл жоғары пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.