КЕТАНОВ р-р д/в/м введения 30 мг/1 мл №10 амп

1015 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: С.К. Терапия С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - кеторолак трометамолы 30 мг қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, этанол, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- орташадан күшті айқындылыққа дейінгі жедел операциядан кейінгі ауырудың қысқа мерзімді емі үшін. Емдеуді тек стационар жағдайында бастау керек. Емнің ең көп ұзақтығы – екі күн.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) немесе простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері аллергиялық реакция туғызатындарда (ондай пациенттерде демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты ауыр анафилаксиялық реакциялар байқалған) басқа ҚҚСП аса жоғары сезімталдық. анамнездегі бронх демікпесі балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өршу сатысындағы пептидтік ойық жара, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жара ауруының немесе ойық жара тесілуінің болуы жүректің ауыр жеткіліксіздігі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (плазмадағы креатинин 160 мкмоль/л) немесе гиповолемияға немесе дегидратацияға байланысты бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жүктілік, босану (толғақ қезеңі) және босандыру кезеңі, лактация кезеңі операциялық араласулар алдында профилактикалық анальгезия мақсатында қолдану (тромбоциттер агрегациясы тежелетіндігіне байланысты), сондай-ақ операциялық араласулар кезінде (қан кету қаупі жоғары болғандықтан). цереброваскулярлық қан кетуге күдіктенген немесе ол расталған жағдайда қан кетулер қаупі жоғары операцияны бастан өткерген немесе гемостаз бұзылуы бар пациенттерге қан кетулер қаупі жоғары пациенттерге, соның ішінде, геморрагиялық диатездері және қан ұюының бұзылулары бар пациенттерге антикоагулянттармен, соның ішінде варфаринмен және гепариннің төмен дозасымен (әр 12 сағат сайын 2500 – 5000 ӘБ) бір мезгілде емдеу, ағымдағы уақытта АСҚ немесе басқа ҚҚСП-мен (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) ем қабылдап жүрген пациенттерге нейраксиальді (эпидуральді немесе интратекальді) енгізу окспентифиллинмен, пробенецидпен және литий тұздарымен бір мезгілде қолдану. мұрын полиптері, ангионевроздық ісінуі немесе бронх түйілуі бар пациенттерге
Дозасы
Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін ауырсынуды басатын әсері басталғанға дейінгі уақыт бірдей және шамамен 30 минутты құрайды, бұл ретте ең жоғарғы анальгезиясы бір-екі сағат ішінде басталады. Ауыруды басудың орташа ұзақтығы, әдетте, төрт сағаттан алты сағатқа дейін құрайды. Дозасын ауырудың қарқындылығы мен пациенттің емге жауабына байланысты жекелей таңдайды. Кеторолактың күнделікті бірнеше реттік дозаларын бұлшықет ішіне енгізудің ұзақтығы екі күннен аспауы тиіс, өйткені, ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз реакциялар күшейе түсуі мүмкін. Дозаларын ұзағырақ уақыт шінде қолдану тәжірибесі шектеулі, өйткені, пациенттердің басым көпшілігі препараттың пероральді түрімен емделуге ауысқан немесе аталған уақыт өткеннен кейін, одан әрі ауыруды басатын емді қажет етпеген. Жағымсыз реакцияларды симптомдарын бақылауға алу үшін қажетті ең қысқа уақыт мерзімі ішінде ең төменгі тиімді дозасын пайдалану жолымен азайтуға болады. Ересектер Кетанов препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг, содан соң, қажет болса, әр төрт-алты сағат сайын 10-нан 30 мг дейін құрайды. Операциядан кейінгі бастапқы кезеңде, қажет болған жағдайда Кетанов препаратын әр екі сағат сайын тағайындауға болады. Ең төмен тиімді дозасын тағайындау керек. Ересек пациенттерге арналған жалпы тәуліктік 90 мг және егде жастағы адамдарға, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер мен дене салмағы 50 кг аз пациенттерге арналған 60 мг дозасын арттырмау керек. Емнің ең көп ұзақтығы екі күннен аспауы тиіс. Дене салмағы 50 кг аз пациенттер үшін, дозасын азайту керек. Апиындық анальгетиктерді (мысалы, морфин, петидин) бір мезгілде пайдалануға болады, және олар операциядан кейінгі бастапқы кезеңде, ауыру анағұрлым күштірек кезде ауыруды басатын оңтайлы әсері үшін қажет болуы мүмкін. Кетанов препараты апиындардың байланысуына әсер етпейді және тыныс алудың бәсеңдеуін немесе апиындар туғызған тыныштандыратын әсерді ушықтырмайды. Кетанов препаратымен бірге бұлшықет ішіне пайдаланғанда, апиындардың тәуліктік дозасы әдетте, әдеттегі қажеттісінен азырақ болады. Дегенмен, апиындардың, әсіресе, хирургиялық араласу жүргізілген күнгі жағымсыз реакцияларын ескеру керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда жағымсыз реакциялардың ауыр салдарлары қаупі жоғарылайды. Егер қабынуға қарсы стероидты емес препаратты (ҚҚСП) тағайындау қажет болса, ең төмен тиімді дозасын және барынша қысқа уақыт мерзімі ішінде пайдалану керек. Пациентті ҚҚСП емі кезінде асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кетуге қатысты жүйелі түрде бақылап отыру керек. Жалпы тәуліктік 60 мг дозасын арттырмау керек . Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр дәрежесі кезінде препаратты қолдануға болмайды; бүйрек функциясының айқындығы аз бұзылулары кезінде дозасын азайту (бұлшықет ішіне тәулігіне 60 мг асырмау) керек. Енгізу әдісі және жолы Емдеуді тек стационар жағдайларында бастау керек. Кетанов бұлшықет ішіне түрінде енгізуге арналған. Препаратты бұлшықет ішіне енгізуді баяу, бұлшықет ішіне терең инъекция жолымен жүргізу қажет. Препаратты эпидуральді немесе жұлынға енгізу үшін пайдалануға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емнің ең көп ұзақтығы – екі күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.