+225 бонус

КЕТАНЕЙМ 100 мг/2 мл №10 ампулы

4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: NEO UNIVERSE LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат –100 мг кетопрофен, қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол (96 %), бензил спирті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кетопрофеннің анальгетикалық және қабынуға қарсы белсенділігін, көтере алмаушылық көріністерінің маңыздылығын ескере отырып, ересектер мен жасөспірімдерде (15 жастан асқан) мына жағдайларда қолданылады: - ревматизмнің өршуін, белдегі жедел ауырсынуды, радикулит кезіндегі ауырсынуды қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу - онкологиялық аурулардан туындаған ауырсыну - бүйрек шаншуы ұстамасы кезіндегі ауыру.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем және кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП-ға аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар (осы пациенттерде ауыр, сирек өліммен аяқталғаны туралы хабарланған) сияқты бұрын болған аса жоғары сезімталдық реакциялары -асқазан-ішек жолының (АІЖ) эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларының өршуі, анамнездегі ойық жара немесе тесілуі - ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колиттің өршуі немесе Крон аурулары) - қан түзудің бұзылуы, гемостаздың бұзылуы (гемофилияны қоса) - гемостаздың бұзылуы және антикоагулянттық терапияны бір мезгілде жүргізу - декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі - асқазан-ішек, цереброваскулярлық және басқа да қан кетулер (немесе бассүйекішілік қан кетуге күдік) -бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз), бүйректің үдемелі аурулары -бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) немесе бауыр ауруының белсенді фазасы - жүктіліктің III триместрі және емшек емізу кезеңі - 15 жастан кіші балалар
Дозасы
Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдана отырып, барынша азайтуға болады. 200 мг дозаны қолданар алдында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет, тек бүйрек шаншуы мен нефроз кезінде анағұрлым жоғары дозаларды қолдануға болады, бірақ ұсынылған ең жоғары емдеу ұзақтығынан аспау керек. Ревматологиялық немесе онкологиялық аурулардан туындаған ауырсыну кезінде: 1-ден 2 ампулаға дейін, яғни күніне 100-ден 200 мг-ға дейін. Бүйрек шаншуы ұстамасы кезінде: күніне 100-ден 300 мг-ға дейін. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне енгізген кезде инъекцияны терең бұлшықет ішіне жасау керек. Инъекция қатаң түрде асептикалық жағдайда жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына, терең және баяу жүргізу керек. Әрбір қайта инъекция жасаған кезде енгізу жағын өзгерту ұсынылады. Инъекцияға дейін иненің ұшы тамырда емес екенін анықтау үшін аспирация жасау керек. Егер инъекция кезінде науқаста қатты ауырсыну болса, инъекцияны дереу тоқтату керек. Жамбаста протез болғанда инъекцияны протезге қарама-қарсы жақтан жүргізу қажет. Емдеу ұзақтығы Ревматологиялық немесе онкологиялық ауруларда емдеу ұзақтығы 2-3 күн (қажет болса, осы кезеңде бастапқы терапияны пероральді немесе ректальді дәрілік түрлермен жүргізуге болады. Бүйрек шаншуы ұстамасы кезінде 48 сағаттан асырмай қолдану керек. Тәуліктік дозаны 2-3 инъекцияға бөлген жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.