+1255 бонус

КЕРАВОРТ 5% 250 мг №12 пак.крем

9:00-ден кейін қолжетімді
25100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Имихимод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
100 г кремнің құрамында белсенді зат: имихимод 5.0 г қосымша заттар: изостеарин тқышқылы, цетил спирті, стеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, полисорбат 60, сорбитанстеарат, метилпарагидроскибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерин, ксантан шайыры, бензил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- сыртқы генитальді және перианальді сүйелдерде (өткір ұшты кондиломалар) - ересектердегі аздаған беткейлік базальді жасушалы карциномада (ВСС) - зақымдардың өлшемі және мөлшері криотерапияның тиімділігін және/немесе мақсатқа сәйкестігін шектегенде, ал жергілікті емдеудің басқа әдістерін қолдануға болмайтын немесе мақсатқа сәйкестігі азырақ жағдайда, иммундық жүйесі қалыпты функцияланатын пациенттердің бет немесе бас терісіндегі клиникалық тұрғыдан типті, гиперкератозды емес, гипертрофиялық емес актиникалық кератозда (AK)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Кераворт кремін қолдану жиілігі және емдеу ұзақтығы әр көрсетілім үшін әрқалай. Ересектердегі сыртқы генитальді сүйелдер: Кераворт кремді ұйықтар алдында аптасына 3 рет (мысалы, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма; немесе сейсенбі, бейсенбі және сенбі) қолдану керек және теріде 6 сағаттан 10 сағатқа дейін қалуы тиіс. Креммен емдеуді генитальді немесе перианальді кондиломалар жоғалғанға дейін жалғастыру керек, бірақ кондиломалар әр пайда болған кезде 16 аптадан артық емес. Ересектердегі шектеулі беткейлі базальді жасушалық карцинома. Кремді ұйқыға жатар алдында 6 апта бойы аптасына 5 күн қатарынан (мысалы, дүйсенбіден бастап жұманы қоса) жағып, теріде шамамен 8 сағатқа қалдырады. Ересектердегі актиникалық кератоз. Емді дәрігер тағайындайды және бақылайды. Кераворт кремін ұйқыға жатар алдында төрт апта бойы аптасына 3 рет (мысалы, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) жағып, теріде 8 сағатқа қалдыру қажет. Зақымданған жердің бәріне крем жеткілікті мөлшерде жағылады. Емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 аптадан соң актиникалық кератоздың бар-жоқтығына баға беру қажет. Егер қандай да болсын біліністер қалса, емдеуді тағы 4 аптаға жалғастыру қажет. Ең жоғары ұсынылатын доза – бір пакет. Ұсынылатын емнің ең ұзағы – 8 апта. Егер жергілікті жедел қабыну реакциясы байқалса немесе өңделген жерге инфекция жұқса, емдеуді тоқтату қажет. Соңғы жағдайда тиісті шараларды қолдану қажет. Емдеудің әрбір кезеңі, өткізіп алған дозаларға немесе демалыс кезеңіне байланысты, 4 аптадан аспауы тиіс. Егер емдеудің екінші кезеңінен кейін 4-8 аптадан соң тексергенде емге зақымданған жерлерде жеткілікті реакция болмаса, басқа емді қолдану қажет. Жүргізілген курстардан кейін актиникалық кератоз қайталанса бір немесе екі қосымша курспен 12 апталық үзілістен кейін Кераворт кремімен қайта емдеуге болады. Кремді жағар алдында терінің зақымданған жерін сабынмен жуу және оларды кептіру қажет. Кремнің жеткілікті мөлшерін бүкіл зақымданған аумаққа жағады. Кремді толық сіңгенше зақымданған аумаққа ысқылау керек. Кремді ұйықтар алдында жағу қажет, ол теріде 8 сағатқа жуық болуы тиіс. Бұл уақытта душқа немесе ваннаға түспеген жөн. Аталған уақыт өткен кезде сабынды жылы сумен шаю қажет. Бұрын ашылған пакеттегі кремді қайталап пайдалануға болмайды! Кремді жаққанға дейін және жаққаннан кейін қолды сабынды сумен жуу қажет. Егер дозаны өткізіп алса, пациент кремді еске түсіру бойына жағуы тиіс, әрі қарай емдеуді әдеттегі график бойынша жалғастыру қажет. Алайда кремді жағуды тәулігіне бір реттен асырмау керектігін ұмытпаған жөн. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар Дәрігердің кеңесі қажет емес ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.