+289 бонус

КЕНАЛОГ 40 мг/мл 1 мл №5 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
5790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Триамцинолон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ампуланың (1 мл) құрамында белсенді зат – триамцинолон ацетониді 40,0 мг, қосымша заттар: натрий кармеллозасы, натрий хлориді, бензил спирті, полисорбат 80, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Кеналог® 40 ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған. Буын ішіне қолдану: буындардың ауыруын жеңілдету, қабыну компоненті бар ревматоидты артритпен және остеоартритпен байланысты ісіну мен буынның қимыл шектелісін азайту үшін; сонымен бірге бурситте, эпикондилитте, тендовагинитте. Бұлшықет ішіне қолдану: жүйелі кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда: аллергиялық жай-күйлер, мысалы, бронх демікпесі, маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит. Маусымдық аллергияда дәстүрлі емге жауап бермейтін пациенттер бұлшықет ішіне бір реттік инъекция алған бүкіл кезең ішінде симптомдар ремиссиясына жете алады; эндокриндік бұзылыстар, мысалы, бастапқы немесе салдарлы адренокортикальді жеткіліксіздік. Коллагеноздар, мысалы, демеуші еммен ЖҚЖ жекелеген жағдайларының немесе жедел ревмокардиттің өршу кезеңінде; дерматологиялық аурулар, мысалы, сулы бөртпе, ауыр дерматит және Стивенс-Джонсон синдромы; ревматизмдік, асқазан-ішектік немесе тыныс алу бұзылыстары − қысқа мерзімді қосымша ем ретінде; гематологиялық бұзылулар, мысалы, жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия; ісік аурулары, мысалы, лейкоз және лимфомаларды паллиативті бақылау; жедел интерстициальді нефрит, аздаған өзгерістері бар нефроздық синдром немесе жегілік нефрит сияқты бүйрек аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүйелі инфекциялар, егер инфекцияға қарсы нақтылы ем пайдаланылмаса вена ішіне, қабық астына, эпидуральді немесе көз ішіне инъекция арқылы енгізу 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Буын ішіне инъекция: буын ішіне енгізгенде немесе сіңір қынабына және сіңір қалталарына инъекция жасағанда, Кеналог® 40 дозасы аурудың  нозологиялық түріне қарай, шағын буындар үшін 5 мг-ден 10 мг (0,125-0,25 мл) дейін және ірі буындар үшін 40 мг (1,0 мл) дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Бірнеше буын патологияларында бірнеше бөлікке салынатын бір реттік инъекциялар (80 мг дейін) спецификалық емес реакциялар туындатпайды. Бұлшықет ішіне инъекция: тері асты шелмайы атрофиясы қаупіне жол бермеу үшін тура бөксе бұлшықетіне бұлшықетішілік инъекцияны терең енгізу маңызды. Осы мақсатқа дельта тәрізді бұлшықетті пайдалануға болмайды. Келесі инъекциялар үшін баламалы орындарды пайдалануға болады. Ересектер және 12 жастан асқан балалар Бөксе бұлшықетінің сыртқы жоғарғы шаршысына енгізуге ұсынылатын бастапқы доза 40 мг (1,0 мл) құрайды. Келесі дозалануы пациент реакциясына және симптомдардың жеңілдеу кезеңіне байланысты. Дәстүрлі емге жауап бермейтін пішен қызбасымен немесе тозаңдық демікпемен пациенттерде бір реттік 40-100 мг дозадан соң, аллергия  симптомдары білінген уақыт есебімен, бүкіл тозаңды маусым кезеңі бойына симптомдар ремиссиясы болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары 6-12 жастағы балалар Ұсынылатын бастапқы 40 мг доза (симптомдар ауырлығымен, баланың жасы және салмағымен өлшей отырып, 1,0 мл бөксе бұлшықетіне терең енгізіледі). Кеналог® 40 алты жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдегенде балалардың өсуі мен дамуын мұқият бақылап отыру керек. Балаларда желшешек, қызылша немесе басқа  инфекциялық аурулар болғанда сақ болу керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерді емдеуді, әсіресе, ұзақ мерзімді ем кезінде кәрілік жастағы кортикостероидтардан болатын жиі жағымсыз әсерлерінің едәуір күрделі зардаптарын, әсіресе, остеопороз, қант диабетін, гипертония,  инфекцияға сезімталдық және терінің жұқаруын ескерумен жоспарлау керек. Өмірге қауіпті реакциялардан сақтану үшін клиникалық бақылау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Кеналог® 40 препараты ТЕК буын ішіне/бұлшықет ішіне жасалатын инъекцияларға арналған. Басқа енгізу жолдарының қауіпсіздігі мен тиімділігін әлі анықтау қажет. Қатаң түрде асептикалық сақтану шараларын қадағалау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Әсер ету ұзақтығы ауыспалы шама болып табылатындықтан, келесі дозаларын белгіленген уақыт аралықтары өткенде емес, симптомдар басылғанда енгізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.