+208 бонус

КЕЙВЕР 50 мг/2 мл №10

4170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат – декскетопрофен трометамолы 100 % құрғақ затқа шаққанда 36,9 мг, бұл 25 мг декскетопрофенге баламалы, қосымша заттар: 96 % этанол, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
пероральді емді қолдану мүмкін болмаған кезде, мысалы, операциядан кейінгі ауырсыну, бүйрек шаншуы және бел ауруы кезінде орташа және айқын қарқындылықтағы жедел ауырсыну синдромын симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, кез келген басқа ҚҚСП немесе қосымша заттардың кез-келгеніне жоғары сезімталдығы бар пациенттерге егер ұқсас әсер ететін заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСП) демікпе, бронх түйілуі, жедел ринит ұстамаларының дамуын қоздырса немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжемнің немесе ангионевроздық ісінудің пайда болуына себеп болса егер кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезінде фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар анықталса алдында ҚҚСП емделуге байланысты анамнезінде асқазан-ішек қан кетулері немесе тесілу болса белсенді фазада пептидті жарасы/ асқазан-ішектен қан кету немесе анамнезінде асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу болса созылмалы диспепсия белсенді фазадағы басқа қан кету немесе қан кетудің жоғарылауы Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит ауыр жүрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) кезінде бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) кезінде геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары айқын дегидратация кезінде (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау нәтижесінде) жүктіліктің үшінші триместрінде және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Құрамында этанол болуына байланысты Кейвер® препаратын нейроаксиальді (интратекальді немесе эпидуральді) енгізуге болмайды.
Дозасы
Ең төменгі тиімді дозаны симптомдарды жеңілдету үшін қажет болатын ең қысқа уақыт ішінде қолдану керек. Ересектер. Ұсынылатын доза 8-12 сағат аралығымен 50 мг құрайды. Қажет болғанда 6 сағаттан кейін қайталанатын дозаны енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-нан аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Кейвер® препараты қысқа мерзімді қолдануға арналған: оны тек жедел ауырсыну кезеңінде ғана (екі тәуліктен асырмай) қолдану керек. Мүмкіндігіне қарай пациенттерді ішке қабылдауға арналған анальгетик дәрілерге ауыстыру керек. Жағымсыз әсерлерді ауру симптомдарының қарқындығын төмендету үшін қажет болатын ең аз уақыт ішінде ең тиімді төмен дозаны қолдану арқылы қысқартуға болады. Операциядан кейінгі ауырсынудың орташа және айқын қарқындылығы кезінде Кейвер® препаратын апиынды анальгетиктермен үйлесімде сол ұсынылған дозаларда көрсетілімдер бойынша қолдануға болады. Егде жастағы пациенттер. Әдетте егде жастағы пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Алайда егде жастағы пациенттердің бүйрек функциясының физиологиялық төмендеуіне байланысты бүйрек функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылуы кезінде ең жоғары тәуліктік дозаны төмендету ұсынылады: жалпы тәуліктік доза 50 мг құрайды. Бауыр функциясы бұзылуы кезінде Жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейінгі бауыр патологиясы бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-9 балл) ең жоғары тәуліктік дозаны 50 мг дейін қысқарту керек және бауыр функциясын мұқият бақылау керек. Кейвер® препараты бауырдың ауыр дисфункциялары бар пациенттерге (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) қарсы көрсетілген. Бүйрек функциясы бұзылуы кезінде Жеңіл дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 60–89 мл/мин) ең жоғары тәуліктік дозаны 50 мг дейін қысқарту керек. Орташа және ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 59  мл/мин) Кейвер® препараты қарсы көрсетілген. Балалар мен жасөспірімдер Балалар мен жасөспірімдерге, Кейвер® препаратының әсері зерттелмеген. Сондықтан оның балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған және осы жас тобындағыларға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.