+154 бонус

КАВИНТОН 10 мг/2 мл №10 амп

3080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Винпоцетин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір 2 мл ампуланың құрамында: белсенді зат - винпоцетин, 10 мг, қосымша заттар: аскорбин қышқылы, натрий метабисульфиті, шарап қышқылы, бензил спирті, сорбит, натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Неврология: Ми қан айналымының әртүрлі бұзылулары кезінде: транзиторлы ишемиялық шабуыл, ишемиялық инсульт, инсульттан кейінгі жағдай, вертебробазилярлы жетіспеушілік, тамырлы деменция, бас миы тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуына байланысты психикалық немесе неврологиялық бұзылу көрінісін азайту үшін. Офтальмология: Көздің қантамырлық қабығының және торқабығының созылмалы тамырлы аурулары кезінде (мысалы, орталық артерияның немесе ішкі торқабықтың веналық тромбозы немесе обструкциясы). Отология: Жедел тамырлы немесе уытты (дәрілік) немесе шығу тегі басқа (шудың әрекет ету салдарынан, идиопатиялық) есту қабілетінің жоғалуы, Меньер ауруы және құлақтың шыңылдауы.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың 6.1-тармақта көрсетілген кез-келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық - геморрагиялық церебральды инсульттің жедел фазасы, жүректің ауыр ишемиялық ауруы, жүрек ырғағы бұзылысының ауыр түрлері - жүктілік, баланы емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде қолдану - 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты). - тұқымқуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Дозасы
Тамшылы инфузия кезінде бастапқы тәуліктік доза әдетте 500 мл инфузиялық ерітіндіде 20 мг (2 ампула) құрайды. Пациенттің дәрілік затты көтере алуына байланысты бұл доза 2-3 күн ішінде дене салмағының әр кг шаққанда 1 мг дейін артуы мүмкін. Емдеудің орташа курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды, әдеттегі тәуліктік дозасы –50 мг / тәулігіне (500 мл инфузиялық ерітіндіге 5 ампула), 70 кг дене салмағына есептегенде. Инфузиялық емдеу курсы аяқталғаннан кейін пациентті дәрілік заттың таблеткаланған түрімен емдеуді мынадай сызба бойынша жалғастыру ұсынылады: 1 Кавинтон Форте таблеткасы немесе 2 Кавинтон таблеткасы 5 мг тәулігіне 3 рет (3 рет 10 мг-нан). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Кавинтон инъекцияға арналған ерітіндісі препаратын балаларға қолдануға болмайды. Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған пациенттер әдеттегі дозаны ала алады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.