Катенокс 4000анти-Ха/0,4 мл (40мг/0,4мл) №10

16765 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эноксапарин натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Глэнд Фарма Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 шприцтің ішінде белсенді зат - натрий эноксапарині 20 мг (2000 анти-Ха ХБ баламалы) немесе 40 мг (4000 анти-Ха ХБ баламалы), қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- орташа немесе жоғары қаупі бар хирургиялық араласымдар кезінде, атап айтқанда онкологиялық операцияны қоса, ортопедиялық немесе жалпы хирургиялық операцияны бастан өткерген пациенттерде вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы үшін - келесілерді қамтитын жедел аурулары бар терапиялық пациенттерде вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы үшін: жүректің жедел жеткіліксіздігі тыныс алудың жедел жеткіліксіздігі ауыр инфекциялық немесе ревматизмдік аурулар вена тромбоэмболиясы қаупі жоғары болғанда қозғалғыштықтың төмендеуі - тромболитикалық дәрілермен немесе хирургиялық жолмен емдеуді қажет етуі мүмкін ӨАТЭ қоспағанда, өкпе артериясының тромбоэмболиясымен (ӨАТЭ) біріккен терең веналар тромбозын (ТВТ) емдеу үшін - терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдеу және белсенді обыры бар пациенттерде олардың рецидивтерінің профилактикасы - гемодиализ кезіндегі жасанды қанайналым кезінде тромб түзілуінің профилактикасы үшін. Жедел коронарлық синдром кезінде: - тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеу үшін. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуде, соның ішінде, қажетті старттық 30 мг дозасын енгізудің мүмкін болмауына байланысты, дәрі-дәрмекпен немесе кейіннен тері арқылы жүргізілетін коронарлық араласымның (ТКА) көмегімен емделуі тиіс пациенттерде қолданылмайды, өйткені Катенокс препаратының 2000 анти-Ха ХБ/0.2 мл (20 мг) және 4000 анти-Ха ХБ/0.4 мл (40 мг) дозалы шприцтерінде бөлгіш шкала /градуировка жоқ, бастапқы дозаны енгізу қажет болмайтын егде жастағы пациенттерді қоспағанда.
Қарсы көрсетілімдер
- төмен молекулалы гепариндердің (ТМГ) басқа да түрлерін қоса, эноксапаринге, гепаринге немесе оның туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде соңғы 100 күннің ішінде ауыр, иммунитетке байланысты гепарин индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) немесе айналымдағы антиденелердің болуы - белсенді, клиникалық тұрғыдан маңызды қан кетулер және қан кету қаупі жоғары аурулар: - жуырда бастан өткерген геморрагиялық инсульт - асқазан-ішек жолының ойықжара ауруы - қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімнің болуы - жуырда миға, омыртқаға жасалған операция немесе офтальмологиялық операция - өңеш веналарының варикозды кеңеюі (немесе оған күдіктенгенде) - туа біткен артерия-веналық ақау - қантамырлардың аневризмалары - омыртқаішілік немесе миішілік ірі тамырлардың ауытқулары - алдыңғы 24 сағаттың ішінде емдеу үшін натрий эноксапаринін қолданған кездегі жұлынға жасалған немесе эпидуральді анестезия немесе локорегионарлық анестезия
Дозасы
Орташа немесе жоғары қаупі бар хирургиялық араласымдар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы Дербес тромбоэмболия қаупі пациенттер үшін қауіпті стратификациялаудың валидацияланған моделінің көмегімен бағалануы мүмкін. - тромб түзілу қаупі орташа пациенттерге натрий эноксапаринінің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет тері астына 2 000 ХБ (20 мг) құрайды. Орташа қаупі бар хирургияда 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапаринімен емді операцияға дейін (хирургиялық араласымнан 2 сағат бұрын) бастаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді. - орташа қаупі бар пациенттерде натрий эноксапаринімен емдеуді сауығу статусына (қозғалыс функциясына) қарамастан кем дегенде 7-10 күн бойы жалғастыру керек. Профилактиканы пациенттің қозғалыс белсенділігі елеулі жақсарғанға дейін жалғастыру қажет. - тромб түзілу қаупі жоғары пациенттерге ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет тері астына 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, хирургиялық араласымнан 12 сағат бұрын бастаған дұрыс. Натрий эноксапаринімен операцияға дейін профилактикалық емдеуді операцияға дейінгі 12 сағаттан ертерек бастау қажет болған жағдайда (мысалы, кейінге қалдырылған ортопедиялық операцияны күткен, жоғары қаупі бар пациент), соңғы инъекция операцияға дейінгі 12 сағаттан кешіктірмей енгізілуі тиіс және инъекциялар операциядан кейін 12 сағат өткен соң қайта жаңғыртылады. Ауқымды ортопедиялық операцияны бастан өткерген пациенттер үшін, тромбоздардың 5 аптаға дейінгі ұзартылған профилактикасы ұсынылады. Қатерлі жаңа түзілімдерге байланысты құрсақ қуысы ағзаларына немесе жамбас ағзаларына операция жасатқан,  веналық тромбоэмболияның даму қаупі жоғары пациенттерде тромбоздардың 4 аптаға дейінгі ұзартылған профилактикасы ұсынылады. Терапиялық пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылатын дозасы 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, тәулігіне 1 рет теріастылық инъекция түрінде енгізіледі. Натрий эноксапаринімен емдеу сауығу статусына (қозғалыс функциясына) қарамастан кем дегенде 6-14 күнге тағайындалады. Қазіргі сәтте 14 күннен астам уақыт бойы жүргізілетін терапияға қатысты пайдасы туралы деректер жоқ. Тереңдегі веналар тромбозын (ТВТ) өкпе артериясының тромбоэмболиясымен (ӨАТЭ) бірге емдеу Натрий эноксапарині тәулігіне бір рет 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) дозада немесе тәулігіне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозада тері астына енгізіледі. Режимді дәрігер тромбоэмболиялық асқынулар қаупіне және қан кету қаупіне баға беруді қоса, жекелей баға беру негізінде таңдауы тиіс. Веналық тромбоэмболияның қайталану қаупі төмен асқынуларсыз пациенттерге 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) дозаны тағайындау керек, ол тәулігіне бір рет енгізіледі. Барлық басқа пациенттерге (сондай-ақ семіздігі, симптоматикалық ӨАТЭ, қатерлі жаңа түзілімі, қайталанған веналық тромбоэмболиясы немесе проксимальді тромбозы (мықын венасының тромбозы) бар) 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозаны тағайындау керек, ол тәулігіне екі рет енгізіледі. Натрий эноксапаринімен емдеу орташа 10 күнге тағайындалады. Қажет болса пероральді антикоагулянттық емді бастау керек. Терең вена тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдегенде және белсенді онкологиялық патологиясы бар пациенттерде олардың қайталануының профилактикасында дәрігерлер пациенттің жеке тромбоэмболиялық және қан кету қаупін мұқият бағалауы керек. Ұсынылатын доза 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды, күніне екі рет 5 - 10 күн ішінде СК инъекциясы арқылы енгізіледі, содан кейін 6 айға дейін СК инъекциялары арқылы күніне бір рет 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг). 6 ай емдегеннен кейін үздіксіз антикоагулянттық емнің пайдасын қайта қарау керек. Гемодиализ кезіндегі тромб түзілуінің профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылатын дозасы 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды. Қан кетудің даму қаупі жоғары гемодиализдегі пациенттерде доза 50 ХБ/кг (0.5 мг/кг) (тамыр арқылы қосарлы енгізу жолы), не болмаса 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) (тамыр арқылы бір енгізу жолы) дейін төмендетілуі тиіс. Гемодиализ кезінде натрий эноксапаринін диализдік контурдың артериялық желісіне диализ сеансының бас кезінде енгізеді. Әдетте бұл доза тек қана 4 сағатқа созылатын гемодиализ сеанстары үшін тиімді. Алайда фибриндік сақиналар анықталғанда, мысалы, әдеттегіден ұзағырақ сеанстан кейін, тағы да 50-100 ХБ/кг (0.5-1 мг/кг) дозаны тағайындауға болады. Натрий эноксапаринін  профилактика немесе емдеу үшін және  гемодиализ сессиясы кезінде қолданған пациенттер жөнінде деректер жоқ. Жедел коронарлық синдром: тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу Тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу үшін ұсынылатын дозасы 100 ХБ/кг (1 мг/кг) эноксапаринді құрайды, ол антитромбоцитарлық еммен біріктіріліп тері астына тәулігіне екі рет 12 сағаттық аралықпен  енгізіледі. Емдеуді кем дегенде 2 тәулік бойы демеп тұру және клиникалық тұрақтануға дейін жалғастыру керек. Емнің ұсынылатын ұзақтығы 2-ден  8 күнге дейін. Қарсы көрсетілімдері жоқ барлық пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен емдеуді 150-300 мг бастапқы пероральді қанықтырғыш дозада (бұдан бұрын ацетилсалицил қышқылын қабылдамаған пациенттерде) және емдеу стратегиясына байланыссыз күніне 75-325 мг демеуші дозада  ұзақ уақытқа бастау ұсынылады. • ≥ 75 жастағы пациенттерге арналған дозасы «Егде жастағы пациенттер» бөлімінде көрсетілген. • ТКА (тері арқылы коронарлық араласу) жүргізілетін пациенттерге, егер натрий эноксапариннің соңғы дозасы тері астына баллонды үрлегенге дейін 8 сағаттан аз уақыт бұрын енгізілген болса, қосымша доза қажет емес. Егер тері астына енгізудің соңғы дозасы баллонды үрлегенге дейін 8 сағаттан көп уақыт бұрын енгізілген болса, натрий эноксапариннің 30 ХБ/кг (0,3 мг/кг) венаішілік болюсін енгізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.