+95 бонус

КАРВИДИЛ 25 мг №28 таб

1900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Карведилол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 6,25 мг, 12,5 мг немесе 25 мг карведилол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, темірдің сары тотығы Е 172 (6,25 мг және 12,5 мг таблеткалар үшін), темірдің қызыл тотығы Е 172 (12,5 мг таблеткалар үшін).
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем) - созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
Қарсы көрсетілімдер
- карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесі - бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы - II, III дәрежедегі АV блокадасы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты кардиостимулятор жоқ болса) - кардиогенді шок - инотропты әсер ететін препараттарды вена ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс) - артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым сын. бағ. 85 мм аз) - шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары - шеткері тамырлар аурулары - бір мезгілде в/і верапамил, дилтиазем немесе аритмияға қарсы басқа дәрілерді (әсіресе, I класс) енгізу - метаболизмдік ацидоз - α1-рецепторлар немесе α2рецепторлар антагонистерімен бір мезгілде емдеу - феохромоцитома - бауыр жеткіліксіздігі - лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған) - Принцметал стенокардиясы - кетоацидозды қант диабеті - тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы Сақтықпен - қант диабеті, гипогликемия - гипертиреоз - депрессия - миастения - псориаз - бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасы
Артериялық гипертензияда: алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, артынан күніне 1 рет 25 мг, кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен. Ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг, бүкіл дозаны бірден немесе оны 2 қабылдауға бөліп қабылдаумен. Тұрақты стенокардияда: алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, артынан күніне 2 рет 25 мг. Қажет болса, кемінде 2 апта аралықты сақтап, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) – 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастап, артынан сол дозаны (жақсы көтерімді болса) күніне 2 рет 6,25 мг дейін, одан кейін күніне 2 рет 12,5-25 мг дейін арттырады. 85 кг-ден аз дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза 50 мг құрайды. 85 кг-ден көп дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза 100 мг құрайды. Егер ем 2 аптадан көп уақытқа тоқтатылса, оны жаңғырту күніне 2 рет 3,125 мг дозадан басталып, доза кейіннен арттырылады. Емдеу курсының ұзақтығын және дозаны емдеуші дәрігер белгілейді. Егде пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясы шамамен 50 %-ға ұлғаяды, сондықтан осы жас тобында дозаны түзету (жартысын азайту) керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде карведилолдың биожетімділігі 4 есе өседі, плазмадағы ең жоғарғы концентрация – 5 есе үлкен; сондықтан осы пациенттер тобы үшін де азайту жағына қарай дозаны түзету керек. Гипертензиясы бар және бүйрек функциясы орташадан ауыр дәрежеге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) дейін бұзылған пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясының шамамен 40-50 %-ға жоғарылауы байқалды, бұл да дозаны түзетуді талап етті. Енгізу әдісі және жолы Сұйықтықтың жетілікті мөлшерімен ішу керек. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі (систолалық АҚ - сын. бағ. 80 мм және одан төмен), брадикардия (минутына 50 реттен аз соғу), жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок, жүректің тоқтауы, тыныс алу функциясының бұзылуы, бронх түйілуі, құсу, естен тану, конвулсиялар. Емі: пациент жатқан күйде болуы тиіс. Қажет болса, дәрігердің қадағалауымен қарқынды ем жүргізу керек. Артық дозаланудан соң бірден құстыруға немесе асқазанды шаюға болады. Айқын брадикардия: 2 мг в/і атропин. Жүрек-қантамыр функциясын демеу: 30 секундтай в/і 5-10 мг глюкагон енгізу, оны сағатына 5 мг үздіксіз инфузиямен енгізуді жалғастыру; симпатомиметиктер (добутамин, изопреналин, адреналин) тағайындау. Бронх түйілуі: бета-симпатомиметиктер (в/і немесе аэрозоль көмегімен ингаляциялар) немесе в/і аминофиллин. Конвульсиялар жағдайында в/і диазепам немесе клоназепамды баяу енгізу ұсынылады. Артық дозаланудың ауыр жағдайларында (шок симптомдарымен), карведилолдың 7-10 сағат жартылай шығарылу кезеңін ескеріп, емдеуді барынша ұзақ жүргізген жөн. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі - астениялық синдром (шаршау, әлсіздік, жылдам қажу), шеткері, ортостатикалық ісінулер, аллергиялық реакциялар, мазасыздық, гиповолемия, қызба - брадикардия, ортостатикалық гипотензия, артериялық гипертензия, естен танулар, стенокардия, AV блокадасы, жүрек қағу, инсульт, шеткері қан айналымының бұзылуы (алақан мен табанның мұздауы, шеткері тамырлар ауруы, мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомының күшеюі, Рейно синдромы) - бас айналу, бас ауыру, гипестезия, вертиго, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, депрессия, көңіл-күйдің жабырқауы - диарея, жүрек айну, құсу, мелена, периодонтит, іш қуысындағы ауыру - артралгиялар, артрит, бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықеттер гипотониясы, аяқ-қолдың ауыруы - жөтел, қырылдау, диспноэ, өкпенің ісінуі, бронх демікпесі (бейімділігі бар пациенттерде) - бронхит, пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциясы - пурпура - протромбин деңгейінің төмендеуі, тромбоцитопения - бүйрек жеткіліксіздігі, альбуминурия, гематурия - импотенция - дене салмағының артуы - гипергликемия, креатинин, сілтілік фосфатаза, гамма-глутаминтрансфераза, қандағы мочевина азоты мен қалдық азот деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперурикемия, гипогликемия, гипонатриемия, гликозурия, гиперволемия, қант диабеті, салмақ жоғалту, гиперкалиемия, анемия - анық көрмеу, көздің тітіркенуі, тұмау тәріздес синдром, аяқ-қолдың ауыруы, көз жасының аз бөлінуі, подагралық артрит дамуы мүмкін Жиі емес - тахикардия - гипокинезия, қозғыштық, зейін шоғырландырудың нашарлауы, сананың бұзылуы, түнгі шым-шытырық түстер, ұйқының бұзылуы, эмоциялық орнықсыздық, ауыздың кеберсуі, тершеңдік - билирубинемия - анемия, лейкопения - несеп шығарудың жиілеуі - либидо төмендеуі - терінің аллергиялық реакциялары (экзантема, дерматит, есекжем, қышыну), эритемалық, макулопапулезді және псориазды бөрту, жарыққа сезімталдық реакциялары - құлақ шуылы Сирек - толық AV блокадасы, Гис шоғыры тармақтарының блокадасы, миокард ишемиясы, ми қан айналымының бұзылуы - невралгия, амнезия - асқазан-ішек жолының геморрагиялары, бауыр трансаминазалары (АсАТ және АлАТ) белсенділігінің жоғарылауы - мұрын бітелуі, бронх түйілуі, өкпенің ісінуі, тыныс алу алкалозы, интерстициальді пневмонит - панцитопения және атипиялық лимфоциттердің пайда болуы - әйелдердегі несепті ұстай алмау - іш қату - тығыздығы жоғары альфа-липопротеиндер деңгейінің төмендеуі - анафилактикалық реакциялар, алопеция, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, полиморфты эритема - естудің нашарлауы Өте сирек - лейкопения Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде карведилол дозасын арттырғанда жүрек жеткіліксіздігінің өршуі және сұйықтықтың іркілуі мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.