+120 бонус

Карведилол-Тева 12,5мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Карведилол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Тева Оперэйшнс Поланд Сп. з.о.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 6.25 мг, 12.5 мг және 25 мг карведилол, қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, орын алмастыруы төмен гидроксипропилцеллюлоза, жүгері крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремний, магний стеараты.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем) - жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
Қарсы көрсетілімдер
- карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесі - бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы - II, III дәрежелі АV блокадасы, синус түйіні әлсіздігінің синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты кардиостимуляторы жоқ болса) - кардиогендік шок - инотропты әсер ететін препараттарды вена ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс) - артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 85 мм сын. бағ. аз) - шеткері қан айналуының ауыр бұзылуы - шеткері тамырлар аурулары - верапамил, дилтиазем немесе басқа аритмияға қарсы дәрілерді (әсіресе I кластық) бір мезгілде в/і енгізу - метаболизмдік ацидоз - α1-рецепторларының немесе α2рецепторларының антагонистерімен бір мезгілде емдеу - феохромоцитома - бауыр жеткіліксіздігі - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған) - Принцметал стенокардиясы - кетоацидозбен қант диабеті - тұқым қуалайтын галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы Сақтықпен - қант диабеті, гипогликемия - гипертиреоз - депрессия - миастения - псориаз - бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасы
Артериялық гипертензия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, содан кейін кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен күніне 1 рет 25 мг. Барлық дозаны бірден қабылдай немесе оны 2 қабылдауға бөле отырып, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг. Тұрақты стенокардия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, содан кейін 25 мг-ден күніне 2 рет. Қажет болса, кем дегенде 2 апта аралықты сақтай отырып, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) - 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастайды, содан кейін (жақсы жағушылықта) бұл дозаны күніне 2 рет 6,25 мг – ге дейін, содан кейін 12,5-25 мг-ге дейін күніне 2 рет арттырады. Дене салмағы 85 кг-ден кем болған кезде – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг құрайды. Дене салмағы 85 кг-ден астам болғанда - ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг құрайды. Егер емдеу 2 аптадан астам уақытқа тоқтатылса, онда оны қайта бастау 3,125 мг дозадан күніне 2 рет, кейіннен дозаны ұлғайта отырып басталады. Емдеу курсының ұзақтығы мен дозасын емдеуші дәрігер анықтайды. Егде жастағы пациенттерде карведилолдың плазмадағы концентрациясы шамамен 50% артады, сондықтан осы жас тобы үшін дозаны түзету (жартысын азайту) талап етіледі. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде карведилолдың биожетімділігі 4 есе, ал плазмадағы ең жоғары концентрациясы 5 есе артады; сондықтан пациенттердің осы тобы үшін дозаны азайту жағына қарай түзету талап етіледі. Гипертензиясы және бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежелі бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясының шамамен 40-50% - ға жоғарылауы байқалды, бұл да дозаны түзетуді талап етті. Енгізу әдісі және жолы Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып ішке қабылдайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Симптомдары: айқын гипотония, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок, жүрек тоқтауы; тыныс алу бұзылуы, бронх түйілуі, құсу, сананың шатасуы және жайылған құрысулар болуы мүмкін. Емі: жалпы сипаттағы шаралармен бірге, өмірлік маңызы бар көрсеткіштердің мониторингін жүргізу және түзету керек, қажет болғанда - қарқынды емдеу бөлімшесінде. Келесі шараларды қолдануға болады: а) науқасты шалқасынан жатқызу керек (аяқтарын көтеріп) б) айқын брадикардияда – атропин вена ішіне 0.5–2 мг в) жүрек-тамыр қызметін демеу үшін – вена ішіне сорғалатып глюкагон 1–10 мг, содан кейін 2–5 мг сағатына ұзақ инфузия түрінде г) симпатомиметиктер (дене салмағына және емдік тиімділігіне қарай добутамин, орципреналин немесе эпинефрин, изопреналин, адреналин). Оң инотропты әсері бар препараттарды енгізу қажет болғанда фосфодиэстераза тежегіштерін тағайындайды. Егер артық дозалануының клиникалық көрінісінде артериялық гипотензия басым болса, норадреналин енгізеді; оны қан айналу көрсеткіштерін үздіксіз мониторингтеу жағдайында тағайындайды. Емге резистентті брадикардияда ырғақтың жасанды жетекшісін қолдану көрсетілген. Бронхтүйілуінде аэрозоль түріндегі бета-адреномиметиктер (тиімді болмағанда – вена ішіне) немесе вена ішіне аминофиллин енгізеді. Құрысуларда вена ішіне баяу диазепам немесе клоназепам енгізеді. Симптоматикалық шокпен ауыр артық дозалануында карведилолдың жартылай шығарылуының ұзаруы және препараттың деподан шығарылуы мүмкіндігінен демеуші емді жеткілікті түрде ұзақ жалғастыру керек. Демеуші /дезинтоксикациялық емнің ұзақтығы артық дозаланудың ауырлығына тәуелді, оны науқастың жай-күйі тұрақтанғанға дейін жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.