+260 бонус

КАРТАН 1г/5 мл №5 амп

5205 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: ДЕМО С.А. Фармасьютикал Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 200 мг левокарнитин, қосымша заттар: 2М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- ересектерде, балаларда, сонымен қатар сәбилер мен жаңа туған нәрестелерде левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы - ұзақ уақыт гемодиализдегі және мынадай симптомдары бар пациенттерде левокарнитиннің салдарлы тапшылығында: - айқын тұрақты бұлшықет түйілуі және/немесе диализ жүргізу кезінде гипотензиялық эпизодтар - өмір сапасын елеулі теріс әсерге әкелетін энергетикалық тапшылық - қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігі және/немесе миопатиялар - кардиомиопатия - емге жауабы жоқ немесе эритропоэтиннің үлкен дозасын талап ететін анемия немесе уремия - тоя тамақтанбаудан туындаған бұлшықет массасын жоғалту.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ересектер, балалар, оның ішінде сәбилер мен жаңа туған нәрестелер Емдеу кезінде қан плазмасы мен несептен бос және ацильді левокарнитин деңгейін бақылау ұсынылады. Метаболизмнің туа біткен бұзылуы кезінде қолдану Қажетті доза метаболизмнің туа біткен бұзылуының ерекшелігіне және ауру көріністерінің ауырлығына байланысты. Төмендегілерді жалпы ұсыныстар ретінде қарастыруға болады. Жедел декомпенсация кезінде ұсынылған доза тәулігіне 3-4 енгізетін 100 мг/кг дейінді құрауы мүмкін. Қажет болған жағдайда одан да жоғары дозаларды қолдануға болады, алайда бұл кезде жағымсыз әсерлер, атап айтқанда диарея күшеюі мүмкін. Гемодиализ жүргізетін пациенттерде карнитиннің салдарлы тапшылығы Емді бастар алдында қан плазмасындағы карнитин деңгейін бақылау ұсынылады. Карнитиннің салдарлы тапшылығы, қан плазмасындағы бос карнитин деңгейі 20 мкмоль/л төмен болғанда, ал қан плазмасындағы бос карнитин деңгейіне ацильді карнитиннің арақатынасы 0,4 жоғары емес кезінде болжанады. Диализдің әр емшарасының соңында (шамамен аптасына үш рет) венаішілік болюс түрінде енгізуі қажет болатын ұсынылатын доза 20 мг/кг құрайды. Венаішілік емдеу ұзақтығы үш айдан аспауы тиіс - бұл әдетте бұлшықеттік бос карнитиннің қалыпты деңгейін орнына келтіру үшін талап етілетін уақыт. Жалпы реакцияны ацильді карнитиннің бос карнитинге арақатынасының мониторингі негізінде және пациент симптоматикасының динамикасын бағалау керек. Карнитинді тоқтатқан кезде карнитин деңгейінің үдемелі төмендеуі байқалады. Емдеу курсын қайталау қажеттілігін пациент симптомдарының динамикасын ескере отырып және уақыттың тұрақты аралығында қан плазмасындағы карнитин деңгейін өлшеу арқылы анықтауға болады. Гемодиализ - демеуші ем Егер препаратты вена ішіне енгізудің алғашқы курсында елеулі клиникалық әсер алынса, одан кейінгі демеуші ем Картан, ішуге арналған ерітінді препаратын тәулігіне 1 г дозада пайдалануды қарастыруы мүмкін, оны диализдің әр сеансынан кейін қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны өзгерту және басқа сақтық шаралары қажет емес. Жас пациенттер мен егде жастағы пациенттерде қауіпсіздік бейіні ұқсас болды. Енгізу әдісі мен жолы Картан, вена ішіне енгізуге арналған ерітіндісі, вена ішіне баяу енгізуге арналған (2-3 минут бойы).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.